«Elorda Eco System»: кәсібилік пен еңбекті ұлықтау рәсімі өтті

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-де кәсіпорын қызметкерлерін марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті.
Адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және саланың дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлер Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы, сондай-ақ аталған кәсіподақтың «Астана» қалалық филиалы тарапынан Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шара барысында кәсіпорын директоры үздік қызметкерлерге марапаттарды табыстап, олардың қалалық инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мен коммуналдық қызметтердің сапасын арттырудағы маңызды рөлін атап өтті. Сонымен қатар, кәсіпорын мен саланың дамуына ұзақ жылдар бойы елеулі үлес қосып келе жатқан мерейтой иелеріне ерекше назар аударылды.
Олардың кәсібилігі, іске деген адалдығы мен жинақтаған тәжірибесі жас мамандарға үлгі болып табылады. «Elorda Eco System» ұжымы барлық қызметкерлерге еңбектеріне жауапкершілікпен қарағандары үшін шынайы алғыс білдіріп, алдағы уақытта табыс, тұрақтылық және амандық тілейді.
Gallery image 1Gallery image 2
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер