Елордадағы нөсер кәрізі нысандары тұрақты күтімде
«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК жұмыс бригадалары қаланың нөсер кәрізі инфрақұрылымы нысандарына қызмет көрсету және күтіп ұстау бойынша жоспарлы жұмыстарды жалғастыруда.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында:
▪️ Сәтбаев көшесінде Camel-1200 канал жуу техникасының көмегімен бақылау құдығын жуу жұмыстары атқарылды;
▪️ Талғар көшесінде жаңбыр суын кедергісіз ағызуды қамтамасыз ету мақсатында науалар қолмен тазартылды;
▪️ Сарыарқа ауданының «Кенесары» БКНС тазарту құрылыстарында іргелес аумақты абаттандыру, сондай-ақ нысанның қауіпсіздігін арттыру және тиісті санитарлық жағдайын сақтау мақсатында қоршаулар орнату жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар нөсер кәрізі жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, су басу қаупінің алдын алуға, нысандардың санитарлық жағдайын сақтауға және қаланың инженерлік инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға бағытталған.
Коммуналдық нысандарды уақтылы күтіп ұстау және жаңғырту – елорда тұрғындары үшін жайлы әрі қауіпсіз қалалық орта қалыптастырудағы маңызды жұмыстардың бірі.