«Elorda Eco System» кәсіпорнында қызметкерлерді құрметтеу дәстүрі жалғасуда

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-де кәсіпорынның дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерді құрметтеу дәстүрі жалғасуда.
Кәсіпорынның бас директоры мерейтой иесін салтанатты түрде құттықтап, зейнеткерлікке шығуына байланысты еңбек жолын аяқтаған қызметкерге шынайы алғысын білдірді. Кездесу барысында олардың жоғары кәсібилігі, көпжылдық адал еңбегі мен өз ісіне деген жауапкершілігі ерекше атап өтілді.
Кәсіпорын басшылығы әрбір қызметкердің еңбегі ұйымның ортақ жетістігінің маңызды бөлігі екенін атап өтті. Әсіресе, кәсіпорынның қалыптасуына үлес қосқан, мол тәжірибесін жас мамандарға үйреткен еңбек ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіледі.
«Elorda Eco System» кәсіпорнында еңбек адамдарына құрмет көрсету, өндіріс ардагерлеріне қолдау білдіру және әрбір қызметкерге назар аудару корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Кәсіпорын әрдайым мына қағиданы ұстанады: ешбір еңбек ескерусіз қалмайды, ешбір қызметкер ұмытылмайды.
Осындай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұжым бірлігін арттырып, кәсіпорынның одан әрі дамуына оң ықпал етеді.
Gallery image 1Gallery image 2Gallery image 3Gallery image 4
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер