Есіл ауданында нөсерлі кәріз жүйесі тазартылды
«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК бригадалары тарапынан елорданың қалалық нөсерлі кәріз инфрақұрылымының тұрақты әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы пайдалану-профилактикалық іс-шаралар тұрақты негізде жүргізілуде. Аталған жұмыстар аясында «Есіл» ауданындағы Алматы және Қонаев көшелері бойында нөсерлі кәріз жүйесін кешенді тазалау және гидродинамикалық жуу жұмыстары жүзеге асырылды.
Жұмыстар су бұру желілерінің өткізу қабілетін арттыру, бітелулердің алдын алу, жауын-шашын және жерүсті суларын уақытылы бұру, сондай-ақ мол жауын-шашын кезеңінде жергілікті су басу қаупін азайту мақсатында орындалды. Өндірістік іс-шаралар барысында мамандандырылған бригадалар тарапынан нөсер суын қабылдау элементтері мен құбыр желілерінің учаскелері лай шөгінділерінен, тұрмыстық қоқыстардан және жүйенің толыққанды жұмыс істеуіне кедергі келтіретін өзге де ластаушы заттардан тазартылды.
Барлық жұмыстар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтай отырып орындалды. Жұмыстарды бастамас бұрын қызметкерлерге міндетті нұсқама жүргізіліп, қажетті жеке қорғаныс құралдары пайдаланылды, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылым нысандарында жұмыстарды орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптары толық сақталды.
«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК нөсерлі кәріз нысандарын күтіп ұстау және қызмет көрсету бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып, қаланың инженерлік инфрақұрылымының сенімді жұмыс істеуін және елорда тұрғындары үшін қолайлы жағдай қалыптастыруды қамтамасыз етуде.