Елордадағы нөсер кәрізі жүйесін тұрақты қамтамасыз ету бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде
«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК жұмысшы бригадалары тарапынан елорданың қалалық нөсер кәрізі инфрақұрылымы нысандарының тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлы пайдалану-техникалық іс-шаралар жүйелі негізде жүргізілуде.
Атқарылған жұмыстар аясында:
▪️ Абай және Кенесары көшелері бойынша су бұру жүйесінің өткізу қабілетін арттыру, бітелулердің алдын алу және атмосфералық жауын-шашын кезеңінде жергілікті су басу қаупін азайту мақсатында коллекторлар мен жаңбыр суын қабылдау құрылғыларын тазалау жұмыстары орындалды;
▪️ Әулие ата көшесі бойынша жаңбыр және еріген қар суларын кедергісіз өткізу мақсатында арық жүйесін тазалау жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп, нөсер кәрізі инфрақұрылымы нысандарының техникалық жарамды жағдайын сақтау, жерүсті суларын уақытылы бұру және қаланың көше-жол желісінің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды мәнге ие. Кәсіпорын бригадалары тәулік бойы инженерлік желілердің жай-күйіне мониторинг жүргізіп, елорданың су бұру жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.
Барлық жұмыстар қауіпсіздік техникасы талаптары мен өндірістік регламенттерді сақтай отырып орындалды.