Еңбекті қорғау – «Elorda Eco System» қызметінің басты басымдығы

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын қатаң сақтау – «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметінің негізгі басымдықтарының бірі. Кәсіпорынның әрбір қызметкері еңбек қауіпсіздігі бойынша міндетті нұсқамалардан өтеді. Барлық өндірістік жұмыстар бекітілген талаптар мен нормаларға сәйкес жүргізіледі. Жұмысқа кіріспес бұрын мамандар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіліп, жұмысқа дайындығы тексеріледі.
Кәсіпорында қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға, өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және әрбір жұмыс орнында қауіпсіз жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Біз қызметкерлердің қауіпсіздігі – кәсіпорынның тұрақты, сапалы және тиімді жұмысының негізі екеніне сенімдіміз.
Сондықтан еңбекті қорғау талаптарын сақтау біз үшін жай ғана міндет емес, күнделікті өндірістік қызметтің ажырамас бөлігі болып табылады. Қауіпсіздік – әр қызметкердің жауапкершілігінен басталады және «Elorda Eco System» кәсіпорны қызметінің басты басымдығы болып қала береді.
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
+7172 918-453 (іш.122) - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызмет
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер