Elorda Eco System қызметкері республикалық чемпионатта жүлделі орын иеленді
2026 жылғы 21 маусымда Павлодар қаласында ардагерлер арасында кросстан Қазақстан Республикасының VI чемпионаты өтті. Аталған жарысқа «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі Қырықбаев Асылан Серікұлы қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі III орынды иеленді.
Кәсіпорын ұжымы Асылан Серікұлын лайықты жетістігімен құттықтап, оған зор денсаулық, толағай табыс және жаңа спорттық жеңістер тілейді.
Айта кету керек, кәсіпорынның кәсіподақ комитеті қызметкерлер арасында дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөледі. Чемпионатқа қатысуға байланысты барлық шығындар кәсіподақ ұйымы есебінен өтелді.
Салауатты өмір салтын насихаттау және спортты қолдау кәсіпорынның әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бұл қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға және корпоративтік мәдениетті дамытуға ықпал етеді.