ELORDA ECO SYSTEM қызметкерлеріне қаржылық сауаттылық және алаяқтықтың алдын алу бойынша дәріс өткізілді

2026 жылғы 24 маусымда «Заң және тәртіп» нарративін ілгерілету аясында Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Астана қаласы әкімдігінің «ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК еңбек ұжымымен семинар-дәріс өткізді.

Іс-шара барысында қаржылық пирамидаларға қарсы іс-қимыл, дропперлік қызметтің алдын алу, сондай-ақ қаржылық сауаттылық пен қаржылық гигиенаның негіздері бойынша өзекті мәселелер түсіндірілді.

Дәріс соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты түсіндірмелер берілді.

Барлық жаңалықтар