Нөсер кәріз коллекторын тазалау жұмыстары жүргізілді
«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК мамандары елордадағы нөсер кәрізі нысандарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде тиісті іс-шаралар жүргізуде.
Жоспарлы жұмыстар аясында электрлі шығырдың (лебедка) көмегімен нөсер кәріз коллекторы тазартылды. Жұмыс барысында құбырдың қалыпты жұмыс істеуіне және ағын сулардың еркін өтуіне кедергі келтірген шөгінділер мен бөгде заттар шығарылды.
Сонымен қатар, арнайы илосос техникасының көмегімен лайлы шөгінділер сорылып алынды. Атқарылған жұмыстар коллектордың өткізу қабілетін арттыруға және жауын-шашын кезінде болуы мүмкін су басу жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Нөсер кәрізі инфрақұрылымы нысандарын күтіп-ұстау және қызмет көрсету жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда.