«Elorda Eco System» басшылығы еске алу турниріне құрметті қонақ ретінде қатысты

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК басшылығы «Астана су арнасы» МКК-ның бас директоры Жаңбыршы Есетұлы Нүркеновті еске алуға және оның туғанына 80 жыл толуына арналған шағын футбол турниріне құрметті қонақ ретінде қатысты. Осындай іс-шаралар коммуналдық саланың дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті басшыларға тағзым етудің белгісі ғана емес, сонымен қатар кәсіби байланыстарды нығайтуға, корпоративтік бірлікті қалыптастыруға және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға ықпал ететін маңызды алаң болып табылады.
«Elorda Eco System» басшылығының аталған турнирге қатысуы елордадағы коммуналдық кәсіпорындардың өзара тығыз ынтымақтастығын айқын көрсетеді. Барлығымызды ортақ мақсат — қалалық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және Астана қаласының одан әрі дамуына үлес қосу біріктіреді. Турнирді жоғары деңгейде ұйымдастырып, қала тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің дамуына өмірін арнаған тұлғаның жарқын есімін ұлықтап жүрген ұйымдастырушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
+7172 918-453 (іш.122) - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызмет
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер