Нөсер кәрізінің тазарту құрылыстарында жоспарлы тазарту жұмыстары жалғасуда

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК бригадалары елорданың нөсер кәрізі нысандарының тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде жоспарлы жұмыстар жүргізуде.
Жоспарлы іс-шаралар аясында ТҚ 1–4 тазарту құрылыстарында мамандандырылған техниканың көмегімен тазарту жұмыстары орындалды. Сонымен қатар, ТҚ 2–1 тазарту құрылысында реттегіш-тұндырғышта жиналған лайды шаю жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар түпкі шөгінділерді жоюға, құрылыстардың жобалық өткізу қабілетін қалпына келтіруге, жерүсті ағын суларын тазарту тиімділігін арттыруға, сондай-ақ бітелулердің алдын алуға және жауын-шашын кезеңінде нысандардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК нөсер кәрізі нысандарын күтіп ұстау және оларға уақтылы қызмет көрсету бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып, олардың тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуде.
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
+7172 918-453 (іш.122) - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызмет
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер