СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК – ЛАЙЫҚТЫ БАҒАЛАНДЫ
Кәсіби мереке – Су шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі және сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлері Қазақстан Су қауымдастығының «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Тиісті бұйрыққа Қазақстан Су қауымдастығының төрағасы 2026 жылғы 8 шілдеде қол қойды.
Жоғары марапатқа ие болғандар:
Шаймұхамбетов Бахриден Теміржанұлы;
Жармақов Абылайхан Дәулетбекұлы;
Абильбаев Роман Сергеевич;
Құрманбаев Ерлан Қасымұлы;
Қойшыбай Орынбасар Жанабайұлы;
Орынбеков Нұржан Мұқатұлы;
Бимендин Жасұлан Әуезханұлы;
Қазыбек Мизамқан;
Орынбеков Нұрбай Мұқатұлы;
Сумара Дмитрий Борисұлы.
Бұл марапат – қызметкерлердің кәсіби шеберлігінің, өз ісіне деген жоғары жауапкершілігінің және елорданың инженерлік инфрақұрылымы нысандарының сенімді жұмысын қамтамасыз етуге қосқан сүбелі үлесінің лайықты бағалануы.
«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК ұжымы әріптестерін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасыларына амандық, толағай табыстар мен елордамыздың өркендеуі жолындағы еңбектеріне жаңа жетістіктер тілейді.