ЖЕРҮСТІ СУ БҰРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӨТКІЗУ ҚАБІЛЕТІ АРТТЫРЫЛДЫ
«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК хабарлайды: қайталама су жиналуының алдын алу мақсатында аталған учаскеде бүгін жерүсті су бұру жүйесінің өткізу қабілетін арттыру жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстар аясында диаметрі 100 мм қолданыстағы құбыр диаметрі 300 мм құбырға ауыстырылды. Бұл арық-науа желісінің өткізу қабілетін едәуір арттырып, нөсерлі жауын-шашын кезінде жаңбыр суларын тиімді бұруға мүмкіндік береді.
Аталған жұмыстар нөсер кәрізі нысандарының сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар шеңберінде жедел түрде орындалды.
Тұрғындардың уақтылы хабарлағаны үшін алғысымызды білдіреміз және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Кәсіпорын мамандары нөсер кәрізі нысандарының жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізіп, олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қажетті шараларды қабылдауды жалғастыруда.