«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлері Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасарының Алғыс хаттарымен марапатталды
«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-де Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасарының атынан берілген Алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Елорданың дамуына қосқан елеулі үлесі, көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі және қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқарғаны үшін кәсіпорынның бірқатар қызметкерлері Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасарының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Марапаттарды «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК бас директоры Бейбіт Болатұлы Жаваров табыстап, ұжымға адал еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі және елорданың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Алғыс хаттардың табысталуы – күн сайын нөсер кәрізі жүйелерінің сенімді жұмысын қамтамасыз етіп, қаланың коммуналдық шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосып жүрген қызметкерлердің кәсіби еңбегіне берілген жоғары баға.
«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК басшылығы марапатталған қызметкерлерді лайықты марапаттарымен құттықтап, еңбектеріне табыс, зор денсаулық, отбасыларына амандық және кәсіби қызметтеріне толағай жетістіктер тілейді.