«Elorda Eco System» кәсіпорнында мерейтой иелерін құттықтады

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-да қызметкерлерді мерейтойларымен құттықтау игі дәстүрге айналған. Бұл – олардың көп жылғы адал еңбегіне, кәсібіне деген адалдығына және кәсіпорынның дамуына қосқан үлесіне көрсетілетін ерекше құрметтің белгісі.
«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-ның бас директоры Бейбіт Булатович Жаваров ұжым атынан мерейтой иелерін құттықтап, олардың адал еңбегі, жоғары кәсібилігі мен өз міндеттеріне деген жауапкершілігі үшін шынайы ризашылығын білдірді.
Кәсіпорын басшылығы мерейтой иелеріне зор денсаулық, отбасылық амандық, сарқылмас күш-қуат, кәсіби табыстар мен ұзақ та бақытты ғұмыр тіледі.
«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК өз қызметкерлерін жоғары бағалайды. Себебі кәсіпорынның басты байлығы әрі тұрақты дамуының негізі – өз ісіне адал жандар.
Gallery image 1Gallery image 2
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
+7172 918-453 (іш.122) - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызмет
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер