Су бұру жүйесінің тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлы жұмыстар

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК Кемеңгерұлы көшесінде қамыс өсімдіктерін шабу және су бұру науаларын тазарту жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шаралар жаңбыр және еріген қар суларын кедергісіз ағызуды қамтамасыз етуге, су бұру жүйесінің бітелуінің алдын алуға, сондай-ақ жергілікті су басу қаупін төмендетуге бағытталған. Жұмыстар нөсер кәрізі инфрақұрылымы нысандарын жоспарлы күтіп ұстау аясында жүзеге асырылуда.

Барлық жаңалықтар