Байқоңыр ауданында арық желілерін тазалау жұмыстары жүргізілді

Байқоңыр ауданында «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК бригадалары арық желілерін қоқыстан қолмен тазалау және іргелес аумақтағы шөптерді шабу жұмыстарын жүргізді.
Жұмыстар барысында арықтарда жиналған тұрмыстық қалдықтар, шөп-қалдықтары және су ағымына кедергі келтіретін бөгде заттар тазартылып, аумақтың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында айналасы ретке келтірілді. Сонымен қатар, іргелес аумақтағы шөптер шабылып, инженерлік инфрақұрылым нысандарына қызмет көрсетуге қолайлы жағдай жасалды.
Аталған жұмыстар жаңбыр және еріген қар суларын кедергісіз өткізуге, арық желілерінің өткізу қабілетін сақтауға, олардың бітелуінің алдын алуға және аумақтың тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.
«Elorda Eco System» мамандары қала аумағындағы су бұру жүйелеріне тұрақты түрде күтім жасап, профилактикалық жұмыстарды жүйелі негізде жүргізуді жалғастыруда. Тұрғындардан арықтар мен су бұру арналарына тұрмыстық қоқыс пен құрылыс қалдықтарын тастамауды сұраймыз. Бұл қарапайым талаптарды сақтау су басу қаупін азайтуға және инженерлік желілердің тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді.
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
+7172 918-453 (іш.122) - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызмет
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер