№2.3 тазарту құрылысында авариялық су бұру жүйесін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді
«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК №2.3 тазарту құрылысында авариялық жағдайда суды бұру жүйесінің сенімділігін арттыру мақсатында диаметрі 800 мм болатын құбырды төсеу жұмыстарын жүргізді.
Жоба аясында жоғары өткізу қабілетіне ие жаңа құбыр желісі орнатылып, төтенше жағдайлар кезінде немесе жүйеге түсетін жүктеме артқан сәтте артық суды жедел бұру мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Бұл инженерлік шешім тазарту құрылысының тұрақты жұмысын сақтауға, гидравликалық жүктемені азайтуға және су басу қаупінің алдын алуға бағытталған.
Жұмыстар өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы ұйымдастырылды. Мамандар мен арнайы техника күндіз-түні жұмыс істеп, құрылыс-монтаждау жұмыстарын белгіленген мерзімде орындады.
«Elorda Eco System» инженерлік инфрақұрылым нысандарын жаңғырту және олардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды кезең-кезеңімен жалғастыруда. Мұндай іс-шаралар нөсер және еріген қар суларының қауіпсіз әрі тиімді өткізілуіне, сондай-ақ қаланың су бұру жүйесінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.