Elorda Eco System нөсер жауын кезінде әрдайым сақтықта!
Жаңбырлы күндері кәсіпорынның жұмыс бригадалары тұрақты кезекшілікте болып, туындауы мүмкін кез келген жағдайға жедел әрекет етуге дайын.
Күн сайын бригадалар жаңбыр қабылдағыштарды, коллекторлар мен су бұру құрылыстарын қоқыстан, лайдан және шөгінділерден тазарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізеді. Бұл олардың өткізу қабілетін сақтап, жаңбыр суларын тиімді бұруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жауын-шашын кезінде қаланың су бұру жүйесінің жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Барлық жаңбыр қабылдағыштар штаттық режимде жұмыс істеп, келіп түскен суды қабылдауда.
Жұмыс бригадалары мен арнайы техника дайындық жағдайында болып, қажет болған жағдайда оқиға орнына жедел шығады. Басты міндет — су бұру жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және елорда тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау.