Elorda Eco System тазарту құрылыстарында тұндырғыш-реттегішті тазарту жұмыстары жүргізілді

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-ға қарасты тазарту құрылыстарында отстойник-регуляторда жоспарлы тазалау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында нысанның түбінде және жұмыс аймақтарында ұзақ уақыт бойы жиналған ластанулар, тұнбалар мен шөгінділер тазартылды.
Жүргізілген жұмыстардың негізгі мақсаты – тазарту құрылыстарының техникалық жағдайын тиісті деңгейде сақтау, технологиялық процестердің тұрақты жүруін қамтамасыз ету және нысанның тиімді әрі үздіксіз жұмыс істеуіне жағдай жасау.
Мұндай профилактикалық жұмыстар тазарту құрылыстарының өткізу қабілетін сақтауға, жабдықтар мен инженерлік жүйелерге түсетін жүктемені төмендетуге және нысанның сенімді жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Elorda Eco System» қаланың жаңбыр суы кәрізі жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тазарту құрылыстарын күтіп ұстау, пайдалану және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді.
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
+7172 918-453 (іш.122) - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызмет
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер