Тлендиев көшесінде жауын-шашын суын қабылдайтын құдық пен кәріз коллекторын тазарту жұмыстары жүргізілді

Тлендиев көшесінде «Elorda Eco System» кәсіпорнының мамандары жауын-шашын суын қабылдайтын құдықты жиналған қоқыс пен түрлі ластанулардан тазарту, сондай-ақ кәріз коллекторын арнайы техника көмегімен шаю бойынша кешенді жұмыстар жүргізді.
Жұмыс барысында құдықтың ішкі бөлігі жиналған қалдықтардан тазартылып, коллектор желісінде шаю жұмыстары орындалды. Бұл шаралар жаңбыр және еріген қар суларын уақытылы әрі тиімді бұруды қамтамасыз етуге, құбырлардың бітелуіне жол бермеуге және нөсерлік кәріз желілерінің өткізу қабілетін қалыпты деңгейде сақтауға бағытталған.
Жауын-шашын суын қабылдайтын құдықтар мен коллекторларды жүйелі түрде тазарту – нөсерлік кәріз жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Уақтылы жүргізілетін профилактикалық жұмыстар желілердің техникалық жағдайын жақсартуға және қолайсыз ауа райы жағдайларында судың кедергісіз өтуіне мүмкіндік береді.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін жұмыс жүргізілген аумақ қоқыстан тазартылып, тиісті санитарлық жағдайға келтірілді.
«Elorda Eco System» қала аумағындағы нөсерлік кәріз желілерін күтіп ұстау, жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
+7172 918-453 (іш.122) - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызмет
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер