«Elorda Eco System» кәсіпорнында алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық семинар өткізілді
«Elorda Eco System» кәсіпорнында қызметкерлерге зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық семинар өткізілді.
Оқыту жұмысын ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Астана қаласы бойынша филиалының қызметкерлері ұйымдастырды. Семинар барысында мамандар алғашқы көмек көрсетудің негізгі алгоритмдерін таныстырып, одан кейін кәсіпорын қызметкерлері практикалық жаттығуларға қатысып, түрлі жағдайларда зардап шеккендерге көмек көрсету дағдыларын пысықтады.
Мұндай оқу-жаттығулар қызметкерлердің төтенше және штаттан тыс жағдайлар кезіндегі іс-қимылға дайындығын арттыруға, сондай-ақ қажетті практикалық дағдыларды бекітуге мүмкіндік береді.