«Elorda Eco System» кәсіпорнында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті
Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-да Астана қаласы Байқоңыр ауданы прокуратурасы бөлімінің прокурорымен профилактикалық кездесу өтті.
«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында өткен кездесуде мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарын сақтау, бюджеттік және қаржылық тәртіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен мүдделер қақтығысының алдын алу, еңбек заңнамасын сақтау, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелері қарастырылды.
Кәсіпорынның негізгі қызметін жүзеге асыру барысында заңдылықты сақтау, қабылданатын шешімдердің объективтілігі және барлық жұмыс процестерін тиісті түрде құжаттандыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңдылық қағидаттарын нығайтуға және қызметтік міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.




