«Elorda Eco System» кәсіпорнында мотопомпалар мен ПНС-ті қауіпсіз пайдалану бойынша оқу-жаттығу сабақтары өткізілді
Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-де қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыру және арнайы техниканы қауіпсіз пайдалану мақсатында оқу-жаттығу сабақтары өткізілді.
Сабақ барысында қызметкерлерге мотопомпалар мен ПНС-ті дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану тәртібі, қауіпсіздік техникасы талаптары, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары, сондай-ақ жұмыс барысында туындауы мүмкін түрлі жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері түсіндірілді.
Оқу-жаттығу сабақтары ТҚПҚ, ЖМШ және ССПҚ қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді. Іс-шара қорытындысы бойынша қызметкерлерге қажетті нұсқама жүргізіліп, тиісті жазбалар нұсқамаларды есепке алу журналына енгізілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетін және кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ арнайы техниканы тиімді әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.
Қауіпсіздік – әрбір қызметкердің басты міндеті!