Сарайшық ауданындағы Нәжімеденова көшесінде жаңбыр қабылдағышты тазалау және кәріз коллекторын шаю жұмыстары жүргізілді
🌧 «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-де күнделікті тазалық жұмыстары жүргізілуде
Қаланың санитарлық тазалығы мен абаттандырылуын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын қызметкерлері күнделікті коллекторлық жүйелерді қоқыстардан тазарту жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.
Нөсер жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу және жаңбыр суларын кедергісіз өткізу үшін нөсер кәріз жүйелеріндегі жиналған қоқыс, лай және басқа да қалдықтар тазартылып, жүйелердің қалыпты жұмысы қамтамасыз етіледі.
🧹 Жүргізіліп жатқан жұмыстардың басты мақсаты – қаланың тазалығын сақтау, нөсер суының жиналуына жол бермеу және тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.
«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК – елорданың тазалығы мен жайлылығы үшін күн сайын еңбек етеді! 💚