Сарайшық ауданында су басудың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Сарайшық ауданында көшелерді су басу қаупін азайту және жауын-шашын кезінде судың кедергісіз бұрылуын қамтамасыз ету мақсатында алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта мамандар су жиналуы мүмкін учаскелерге қосалқы су бұру құбырларын орнату жұмыстарын атқаруда.
Аталған жұмыстар жаңбыр және қар еріген кезеңдерде су басу қаупін төмендетіп, қаланың инженерлік инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
"Elorda Eco System" ШЖҚ МКК қызметкерлері елорда аумағында су басу жағдайларының алдын алу және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
+7172 918-453 (іш.122) - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызмет
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер