Қалдаяқов көшесінде нөсер кәрізі желілерін тазарту жұмыстары жүргізілуде Астана қаласында су тасқыны мен жауын-шашын салдарының алдын алу бағытындағы кешенді жұмыстар жоспарлы түрде жалғасуда.

Осы орайда «Елорда экосистем» ШЖҚ МКК мамандары Сарайшық ауданы, Шәмші Қалдаяқов көшесінің бойындағы жауын-шашын қабылдайтын құрылғылар мен нөсер кәрізі жүйесін механикаландырылған тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Инженерлік желілерді тазарту барысында заманауи «Camel» кешенді гидродинамикалық тазалау арнайы техникасы қолданылуда. Бұл техника құбырлар мен су қабылдағыш торларда жиналған шөгінділерді, құм мен тұрмыстық қалдықтарды жоғары қысыммен жуып, бір мезетте сорып алуға мүмкіндік береді.
Аталған шаралар нөсер суын өткізу жүйесінің өткізу қабілетін арттыруға және ауа райының қолайсыз кезеңдерінде көшелерде су іркілуіне жол бермеуге бағытталған. Қала аумағындағы инфрақұрылымды тазарту және күтіп ұстау жұмыстары кәсіпорынның тұрақты бақылауында.
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
+7172 918-453 (іш.122) - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызмет
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер