«Елорда Эко Систем» ШЖҚ МКК қайғырып көңіл айтады

«Елорда Эко Систем» ұжымы Маңғыстау облысында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына, барша отандастарымызға қайғырып, шын жүректен көңіл айтады.
Мемлекет басшысының шешімімен бүгін, 25 қыркүйекте елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
Отан алдындағы антына адал болып, ерлікпен қаза тапқан сарбаздарымыз бен офицерлеріміздің жарқын бейнесі, жанқиярлығы ел жадында мәңгі сақталады. Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, марқұмдардың жақындарына, туған-туыстары мен қарулас жолдастарына рухани сабыр, бекем төзім және күш-қуат тілейміз.
Сарбаздардың жаны жәннатта, топырағы торқа болсын.
«Елорда Эко Систем» ШЖҚ МКК
Gallery image 1
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
+7172 918-453 (іш.122) - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызмет
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер