Сарыарқа ауданында қосалқы электрмен жабдықтау желісін жүргізу жұмыстары атқарылуда
«Елорда Эко Систем» ШЖҚ МКК қызметкерлері Сарыарқа ауданында сүзгілеу жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қосалқы электрмен жабдықтау желісін жүргізу жұмыстарын жүргізуде.
Аталған жұмыстар нысанның үздіксіз әрі сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.