БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНДА АРЫҚТАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлері Байқоңыр ауданында арық жүйелерін күтіп ұстау және олардың өткізу қабілетін арттыру мақсатында арықтарды қолмен тазалау жұмыстарын жүргізуде.
Жұмыс барысында арықтардағы жиналған қоқыс, топырақ, лай және басқа да бөгде заттар тазартылып, су өткізу арналары ретке келтірілуде.
Аталған жұмыстар жауын-шашын кезінде судың кедергісіз ағуын қамтамасыз етуге және көшелерде судың жиналуының алдын алуға бағытталған.
«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК — қаланың су бұру жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жолында күнделікті жұмыстарын жалғастыруда.
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
+7172 918-453 (іш.122) - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызмет
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер