ЖАУЫН-ШАШЫННЫҢ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ МІНДЕТ

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлері Сарайшық ауданындағы сүзгі станцияларында тазалау жұмыстарын жүргізуде.

Жұмыстардың негізгі мақсаты — сүзгі жүйелерінің өткізу қабілетін арттыру, жиналған қоқыс пен шөгінділерді уақытылы тазалау және жауын-шашын кезінде су бұру жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

🔹 Сүзгі станциялары тазаланады;

🔹 Жиналған шөгінділер мен қалдықтар шығарылады;

🔹 Су өткізу жүйесінің тиімділігі тексеріледі;

🔹 Жауын-шашын кезінде су басу қаупінің алдын алу шаралары жүргізіледі.

Мамандардың тұрақты профилактикалық жұмыстары — елорданың су бұру жүйесінің сенімді әрі үздіксіз жұмыс істеуінің маңызды бөлігі.

Барлық жаңалықтар