Құрметті «Elorda Eco System» қызметкерлері мен әріптестер!

Сіздерді 10 қазан — Қазақстанның кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 🤝

Біздің кәсіподақ ұйымы әрқашан сіздердің еңбек құқықтарыңызды қорғауға және әлеуметтік қолдау көрсетуге дайын. Елордамыздың тазалығы, қауіпсіздігі және қаламыздың экожүйесін сақтау жолындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін зор алғыс білдіреміз! 🏙️💧

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық және жұмыстарында толағай табыс тілейміз! Бірлігіміз бекем, еңбегіміз жемісті болсын!

Сыйластықпен,

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ

Барлық жаңалықтар