Астана қаласы әкімдігінің «Елорда эко систем» ШЖҚ МКК Сарыарқа ауданында коллекторларды тазарту жұмыстарын жүргізуде
Астана қаласы әкімдігінің «Елорда эко систем» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Сарыарқа ауданы аумағында нөсер кәрізі жүйесінің коллекторларын тазарту жұмыстарын жалғастыруда.
Аталған шаралар қалалық инженерлік коммуникациялардың өткізу қабілетін арттыруға, су бұру жүйелерінің ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және көктемгі-күзгі кезеңде көшелер мен аулаішілік аумақтардың су астында қалу қаупінің алдын алуға бағытталған.
Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес арнайы техника мен мамандандырылған бригадалардың күшімен жүзеге асырылуда. Коммуналдық қызметтер қала тұрғындары мен қонақтарынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
