Астана қаласы әкімдігінің «Елорда эко систем» ШЖҚ МКК Есіл ауданында коллекторларды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр

Астана қаласы әкімдігінің «Елорда эко систем» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Есіл ауданы аумағында нөсер кәрізі жүйесінің коллекторларын тазарту жұмыстарын жүргізуде.

Аталған іс-шаралар қалалық инженерлік коммуникациялардың өткізу қабілетін арттыруға, су бұру жүйелерінің ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, көшелер мен аулаішілік аумақтардың су астында қалу қаупінің алдын алуға бағытталған.

Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес арнайы техника мен мамандандырылған бригадалардың күшімен жүзеге асырылуда.

Барлық жаңалықтар