«Елорда Экосистем» ШЖҚ МКК қызметкерлері Сарайшық ауданында нөсер кәріз жүйесін тазалау жұмыстарын жүргізуде

Астана қаласы әкімдігінің «Елорда Экосистем» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мамандары инфрақұрылымдық объектілерді жоспарлы күтіп ұстау және қызмет көрсету аясында белсенді жұмыс жүргізуде.

Қазіргі уақытта Сарайшық ауданында орналасқан №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының аумағында нөсер кәрізі желілері мен құдықтарын тазалау және жуу жұмыстары атқарылуда.

Бұл шаралар жаңбыр және еріген сулардың кедергісіз ағуын қамтамасыз етуге, су тасқынының алдын алуға және әлеуметтік маңызы бар медициналық мекеме аумағының қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған.

Барлық жаңалықтар