Еңбек елеусіз қалмайды
Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бір топ жұмыскері елеулі еңбектері үшін марапатталды.
Бұл марапат – кәсіпорын қызметкерлерінің елорданың инженерлік жүйелерінің ахуалын жақсартуға, нөсерлік кәріз жүйесінің тұрақты әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қосқан сүбелі үлестерінің жоғары бағалануының көрінісі.
Кәсіпорын ұжымы марапатқа ие болған әріптестерін шын жүректен құттықтап, алдағы жұмыстарына толағай табыс, қажырлы қайрат тілейді!
