Құрметті қала тұрғындары! Астана қаласының «Елорда экосистем» ШЖҚ МКК қызметкерлері қала аумағындағы нөсер кәріз жүйелерінің құдықтарына қосымша қауіпсіздік торларын орнату жұмыстарын жүзеге асыруда.
Бұл шаралар кәріз жүйелерінің жұмыс қабілеттілігін арттыруға, бөгде заттардың түсуіне жол бермеуге, сондай-ақ қала тұрғындары мен үй жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, кәсіпорын мамандары тарапынан нөсер кәріз тораптарына жоспарлы түрде техникалық қызмет көрсету және тазарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Елордамыздың қауіпсіздігі мен тазалығын сақтау — ортақ міндет.
