Астана қаласындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты «Елорда Эко Систем» мекемесінің барлық жедел қызметтері мен арнайы техникалар бригадалары күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
Қала аумағында су басу қаупінің алдын алу және салдарын жою мақсатында кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда. Елорданың барлық аудандарында арнайы техникалардың үздіксіз кезекшілігі ұйымдастырылған.
Негізгі бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар:
Жаңбыр суын сору және бұру жұмыстарын ұйымдастыру;
Нөсерлік кәріз жүйелерінің өткізу қабілетін қадағалау және тазалау;
Сорғы (насос) станцияларының іркіліссіз жұмыс істеуін тәулік бойы бақылауда ұстау.
«Елорда Эко Систем» КМК қала тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн режимінде қызмет атқарады.
