Байқоңыр ауданында арықтарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр!
«Елорда эко систем» мекемесі қаламыздың тазалығы мен қауіпсіздігі үшін күнделікті жұмысты жалғастыруда.
Қазіргі уақытта Байқоңыр ауданы аумағында арық желілерін тазалау және ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шаралардың негізгі мақсаты — көшелерді жауын-шашын суы басудың алдын алу және су бұру жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Жұмыстар қарқынды түрде жалғасуда!
