Елорданың Есіл ауданында нөсер кәріз желілері тазартылуда
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК «Elorda Eco System» кәсіпорны бекітілген кестеге сәйкес қала аумағындағы нөсер кәріз жүйелерін тазалау және жуу жұмыстарын жүргізуде.
Кезекті жоспарлы іс-шара аясында кәсіпорын қызметкерлері арнайы мамандандырылған техниканы жұмылдыра отырып, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы бойындағы құбырлар мен жаңбыр қабылдағыш құдықтарды тазартуда. Аталған жұмыстар желілердің өткізу қабілетін арттыруға және маусымдық жауын-шашын кезінде көшелерде су жиналуының алдын алуға бағытталған.
