Астанада нөсер кәріз жүйелерін арнайы техникамен тазалау жалғасуда
Астана қаласының нөсер кәріз жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ШЖҚ МКК «Elorda Eco System» қызметкерлері қала аумағындағы құбырлар мен жаңбыр қабылдағыш құдықтарды тазалау шараларын іске асыруда.
Кезекті жоспарлы жұмыстар аясында Есіл ауданы нөсер кәріз желілерін лай-тұнба мен бөгде қалдықтардан тазарту үшін арнайы мамандандырылған техника тартылды. Бұл жұмыстар жауын-шашын және қар еру кезеңінде жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
