ЕОTINISH ПЛАТФОРМАСЫН ҚОЛДАНУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК базасында еОtinish ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу ерекшеліктеріне арналған семинар ұйымдастырылды.

Іс-шараға кәсіпорын бас директорының орынбасары, құрылымдық бөлімше басшылары мен мамандары қатысты.

Кездесу барысында мамандар еОtinish платформасының функционалдық мүмкіндіктері, өтініштерді қабылдау, тіркеу және өңдеу тәртібі, сондай-ақ азаматтармен кері байланыс жүргізудің тиімді тәсілдері бойынша жан-жақты мәлімет алды.

Кәсіпорын жұмыскерлері спикерге өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойып, мазмұнды әрі нақты жауаптар алды. Мұндай семинарлар қызмет сапасын арттырып, тұрғындармен жұмыс жүргізудің ашықтығын қамтамасыз етуге үлкен ықпал етеді.

«Elorda Eco System» алдағы уақытта да жұмыскерлердің біліктілігін арттыру бағытындағы оқыту іс-шараларын тұрақты түрде жалғастыратын болады.

Барлық жаңалықтар