ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

Астана қаласы «Елорда Эко Систем» ШЖҚ МКК кәсіпорнында интернет-алаяқтықтың алдын алу және киберқауіпсіздік мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараны Астана қаласы Байқоңыр аудандық полиция басқармасы Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы, полиция майоры Кусепбаев Ербол Жемисбекович өткізді.

Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, алаяқтардың арбауына түсіп қалмау жолдары, жеке деректер мен банк карталарының қауіпсіздігін сақтау мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар қызметкерлерге күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз тұлғаларға жеке мәліметтерді бермеу және интернет кеңістігінде сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілді.

Басты мақсат – қызметкерлердің киберсауаттылығын арттыру және интернет-алаяқтықтың алдын алу.

Барлық жаңалықтар