Баспасөз орталығы

4 Маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

📅 4 маусым-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні! Бүгін Астана қаласы әкімдігінің “Elorda Eco System” ШЖҚ МКК ұйымы осы маңызды күнге арналған ю іс-шара өткізді. Біз мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын және еліміздің мәдениеті мен тарихындағы рөлін талқылайтын мазмұнды әңгіме ұйымдастырдық. Сонымен қатар, ақпараттық дәріс өткізілді, онда біздің қызметкерлер Қазақстанның туы, елтаңбасы және Әнұраны туралы көптеген қызықты фактілерді білді. Іс-шара соңында республикамыздың әрбір рәмізінің шығу тегі мен мағынасына арналған деректі фильмді көрсетілді. Бұл іс-шаралар біздің мұрамызды терең түсінуге және бағалауға, сондай-ақ патриотизм сезімін нығайтуға ықпал етеді. Біз өзіміздің мемлекеттік рәміздерімізді мақтан тұтамыз және олар туралы білімді болашақ ұрпаққа беруге тырысамыз! 🇰🇿

Кәсіпорынның жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарды талқылау үшін Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесу

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары – Магеррам Мамедович Магеррамов, Ержан Алмабекұлы Бейсенбаев және Анас Ахатұлы Баққожаевпен маңызды кездесу өтті. Әңгімелесу барысында біздің қызметкерлер кәсіпорынның жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар берді. Даму перспективалары, инновациялық шешімдерді енгізу және өндірістік процестердің тиімділігін арттыру талқыланды. Мемлекеттік сатып алу процестері, сондай-ақ экология мәселелері бойынша нөсер кәрізіне қызмет көрсетуге байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды. Заң шығарушы билік өкілдерімен сындарлы диалог бізге осы салаларда елеулі табыстарға қол жеткізуге және азаматтарымыздың өмір сүру жағдайларын одан әрі жақсартуға ықпал ететініне сенімдіміз.

Елорда кезекті «Халық заңгері» акциясы өтеді

30 мамырда сағат 17:00 Қазақстанның барлық өңірлерінде «Халық заңгері» тегін республикалық акциясы басталады, онда құқық саласының сарапшылары азаматтарға барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша тегін кеңес береді. Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған. Оған адвокаттар, нотариустар, судьялар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полицейлер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, әділет, салық органдарының, жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасының қызметкерлері және т. б. қатысады. Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі. Астана қаласы Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5 мекенжайы бойынша Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы ғимаратында өтеді. Көмектесуге бірігеміз!

Біздің кәсіпорынның жөндеу-құрылыс учаскесінің жұмысына шолу

Біздің кәсіпорынның қызметін жариялауға арналған айдарымыздың аясында біз жөндеу-құрылыс учаскесінің жұмысына егжей-тегжейлі шолу жасағымыз келеді. Қазіргі уақытта мамандар мен инженерлер тобы проблемалық учаскелерді шешу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Біздің қызметімізде қолданылатын жүйелі тәсілдердің арқасында біз өндіріс шығындарын оңтайландыру арқылы қаланың инфрақұрылымын жақсартуды жалғастырып келеміз.

Қарызсыз қоғам қаржылық сауаттылық

Мекемемізде «Қарызсыз қоғам. Қаржылық сауаттылық» тақырыбында қаржылық сауаттылық бойынша 5 күндік курс басталды. Оның қорытындысы бойынша қатысушылар сертификат пен тегін қаржылық кеңес алады.

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы Анонс

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы Анонс 2024 жылғы 3 маусымнан 15 шілдеге дейін (01.07.23 бастап 30.06.24 ж.ж. дейінгі кезеңге) Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК (бұдан әрі-Кәсіпорын) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі Мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай негіздер бойынша жүргізілетін болады: 1) Кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) Кәсіпорын бөлімдерінің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

9 мамыр – Ұлы жеңіс күні

Ұлы мереке – Жеңіс Күні аясында ШЖҚ МКК Elorda Eco System тыл еңбеккерлеріне 15 себет тәттілер таратып, ризашылықтарын білдірді. Осы айтулы күнде біз сол кезде бейбітшілік пен бостандықты қамтамасыз етуге күш салғандардың ерліктерін еске аламыз және құрметтейміз. Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз! Ата-бабаларымыздың ерліктері бізге әрдайым жақсы істер жасауға шабыт берсін. Бейбітшілік пен өркендеу біздің әл-ауқат пен бірлікке деген ұмтылысымызға серік болсын!

7 Мамыр – Отан қорғаушылар күні

Құрметті әріптестер мен елорда тұрғындары! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн бізге батылдықтың, адалдықтың және Отанымызды қорғауға дайын болудың маңыздылығын еске салады. Сіздердің еңбегіңіз, даналығыңыз бен батылдығыңыз әрқашан біздің әл-ауқатымыз бен өркендеуіміз үшін сенімді тірек болсын. Қызметіңіз бен адалдығыңыз үшін рахмет! Ізгі тілектермен, Elorda Eco System ұжымы.

Таза Қазақстан – Астана-тазалық пен тәртіптің үлгісі

Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясы өтіп жатыр. Бұл апта «Мөлдір бұлақ» деп аталады, оның барысында су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылды.

Қазақстан халқының бірлігі күні

Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Қазақстан халқының бірлігі күні-көктемгі жаңару мен жарқын үміттің, бейбітшілік пен жасампаздықтың, жақсылық пен әділеттіліктің символы. Бұл мерекені барлық ұрпақ бірдей жақсы көреді және оны жалпыхалықтық деп санауға болады. Аға буын өкілдері үшін бұл еңбек ынтымақтастығын, жастар үшін-көктемгі таңды, жақсылыққа ұмтылуды білдіреді.

Нөсерлі кәріз жүйесінің дайындығы бойынша қабылдау кеңесі

Бүгін аудан әкімдіктерінің, ТЖД, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары, қаланың коммуналдық қызметтерінің өкілдерімен алдағы жазғы маусымға нөсерлі кәріз жүйелерінің дайындығы мәселесіне қатысты сұраққа арналған кеңес өткіздім. ⠀ Нөсерді тазарту қондырғылары және олардың тиісті түрде жұмыс істеуі осы саладағы мамандардың бақылауына негізделген. Бұл бағытта жұмысты қаламызда «Elorda Eco System»ШЖҚ МКК компаниясы атқарады. ⠀ Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды, әсіресе жауын-шашын мол жауған кезде тиімді шаралар қабылдау мақсатында өзара іс-қимыл ерекше назарда болуы тиіс екенін баса айттым. ⠀ Сондай-ақ жауапты тұлғаларға нөсер кәрізін тазартуға, қала аумағындағы су бұру каналдары желісінің жұмысын қадағалауды тапсырдым.