Баспасөз орталығы

📢РҰҚСАТ ЕТІЛМЕГЕН СҰЙЫҚТЫҚ ТӨГІНДІЛЕРІН АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ📢

📢РҰҚСАТ ЕТІЛМЕГЕН СҰЙЫҚТЫҚ ТӨГІНДІЛЕРІН АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ📢 Біздің кәсіпорын нөсер кәріз желісіне рұқсат етілмеген сұйықтық төгінділерін анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Бүгін Қазыбек би, 37 көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінде бұзушылық әрекеті тіркелді. Тұрғын үй кешенінен шығып жатқан шаруашылық-тұрмыстық қалдықтар «ElordaEcoSystem» ШЖҚ МКК қарасты нөсер құбырына құйылып жатқандығы анықталды. Аталған оқиға бойынша экологиялық және жергілікті полицияға хабарлама беріледі. Құрметті елордалықтар, «ElordaEcoSystem» ШЖҚ МКК рұқсатынсыз мекемеге қарасты құбырлар мен магистральға сұйықтық төгінділерін төгуге болмайтындығын ескертеміз. #elordaecosystem #экология #astana

📢СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДӘРІС 📢

📢СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДӘРІС 📢 Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің превенция басқармасының офицері Аңсағанова Әйгерім Аңсағанқызы «Elorda Eco System» кәсіпорнының ұжымы үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша дәріс өткізді. Іс-шара барысында департамент қызметкері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын, заң бұзушылықтардың салдары мен жауапкершілігі жайлы егжей-тегжейлі түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Бұл дәріс қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған. 🔹 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды білу – қоғамға ортақ міндет!🔹 #ElordaEcoSystem #Антикоррупция #Астана #СыбайласЖемқорлыққақарсы #ПротивКоррупции

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ОҚЫТУ ӨТТІ

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ОҚЫТУ ӨТТІ Бүгін «Elorda Eco System» кәсіпорны қызметкерлерге арнап еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша арнайы оқыту өткізілді. Оқыту барысында қызметкерлер жұмыс орнында қауіпсіздік талаптарын сақтау, төтенше жағдайларда әрекет ету және алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгерді. Оқыту бағдарламасы аясында алғашқы және жұмыс орнындағы нұсқаулық, қайталап оқыту және төтенше жағдайларға дайындық кезеңдері қамтылды. Арнайы мамандар дәрістік сабақтар өтті. Қауіпсіздік – біздің басты құндылығымыз! Біздің мекеме әр қызметкердің денсаулығы мен өмірін қорғауды мақсат етеді. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз! #ElordaEcoSystem #ЕңбекҚауіпсіздігі #Қауіпсіздік #ЕңбектіҚорғау #ТөтеншеЖағдай

«ELORDA ECO SYSTEM» КӘСІПОРНЫ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

«ELORDA ECO SYSTEM» КӘСІПОРНЫ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ Астана қаласындағы соңғы қарлы күндерде Elorda Eco System мекемесінің қызметкерлері жедел шараларды қолға алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлы жағдай жасау мақсатында белсенді жұмыс атқаруда. Қала көшелерінде жиналған қарды тазарту, әсіресе нөсер қабылдағыштар мен құбырлардың бойын қардан тазарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Су жиналуға бейім жерлерде арнайы техниканың және қол күшінің көмегімен тазарту жұмыстары күшейтіліп, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарының қолжетімділігі қамтамасыз етілуде. Elorda Eco System қызметкерлері тәулік бойы, 24/7 режимінде кезекшілік атқарып, қардың кедергілерін жоюда үлкен еңбек сіңіруде. Сонымен қатар, су жиналу қаупі жоғары учаскелерге ерекше назар аударылып, құрылыс және монтаждау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Elorda Eco System мекемесі қызметкерлері әрбір қарлы күні көрінбейтін майданның жауынгерлері ретінде еңбектерін жалғастыруда. Жылдың суық мезгілінде атқарылған бұл жүйелі жұмыстар үнемі жалғасатын болады.

📢РҰҚСАТ ЕТІЛМЕГЕН СҰЙЫҚТЫҚ ТӨГІНДІЛЕРІН АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ📢

📢РҰҚСАТ ЕТІЛМЕГЕН СҰЙЫҚТЫҚ ТӨГІНДІЛЕРІН АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ📢 Біздің кәсіпорын нөсер кәріз желісіне рұқсат етілмеген сұйықтық төгінділерін анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Бүгін Ә.Бөкейхан, №6 мен Сауран, № 12/2 көшелерінде орналасқан тұрғын үй кешендерінде бұзушылық әрекеттері тіркелді. Тұрғын үй кешенінен шығып жатқан шаруашылық-тұрмыстық қалдықтар «ElordaEcoSystem» ШЖҚ МКК қарасты нөсер құбырына құйылып жатқандығы анықталды. Аталған жайт ескерту айтылғанына қарамастын бірнеше рет қайталанған. Болған оқиға бойынша экологиялық және жергілікті полицияға хабарлама берілді. Сондай-ақ, нөсер құбырына рұқсат етілмеген көліктердің сұйықтық төгінділерін төгу фактісі де тіркелді. «ElordaEcoSystem» ШЖҚ МКК рұқсатынсыз мекемеге қарасты құбырлар мен магистральға сұйықтық төгінділерін төгуге болмайтындығын ескертеміз.

📍Көзге көрінбейтін майданның жауынгерлерінің бүгінгі атқарған жұмыстары:📍

📍Көзге көрінбейтін майданның жауынгерлерінің бүгінгі атқарған жұмыстары:📍 ⭐️5 аудан 📌91 қызметкер 🚜30 дана техника ✅41 дана нөсер жауынын қабылдайтын құбыр мен коллектор тазаланды 🔝Жүйелі жұмыс өз жалғасын табады #elordaecosystem #тазақазақстан #елорда #экология #astana #чистыйгород #тазақала

СУ БАСУДАН ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ

СУ БАСУДАН ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ Жаңбыр және еріген қар суларының жиналуын және ағып кетуін қамтамасыз ететін нөсер кәріз жүйелері қала инфрақұрылымының маңызды бөлігі. Жаңбыр қабылдағыштар, сондай-ақ тарату құдықтары, нөсер кәріз жүйесінің басты элементтерінің бірі болып саналады. Олар арқылы жаңбыр және еріген қар сулары жиналып, қауіпсіз ағызу шұңқырына немесе учаске шекарасынан тыс аймақтарға жіберіледі. Елордамыздағы нөсер суларының көп мөлшерде жиналған учаскелерінде тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК жөндеу-құрылыс учаскесінің қызметкерлері тынымсыз еңбек етуде. Кәсіпорын тарапынан жасалған кешенді жұмыстар нәтижесінде нөсер суларының көп мөлшерде жиналу жолдары, көлік жолдары мен аяқ жолдар қалыпты жағдайға келтірілді. Сондай-ақ, Баян Сұлу көшесіндегі проблемалық учаскеде нөсер кәрізіне қосымша жаңбыр қабылдағыш құбырларын магистральді құбырға қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл өз кезегінде жаңбыр суларының тиімді ағуын қамтамасыз етіп, көшені су басудан қорғауға көмектеседі. #elordaecosystem #ТазаҚазақстан #елорда #Astana

Жүйелік шешімдер: Су басу проблемасын шешу

СУ БАСУ ПРОБЛЕМАСЫН ШЕШУ Жаңбыр қабылдағыштар деп те аталатын, тарату құдықтары – бұл нөсер кәрізінің құрылымындағы негізгі элементтердің бірі. Бұл элементке басты жұмыс жатады, себебі дәл осы жерде жаңбыр немесе еріген су жиналады, одан әрі олар учаске шекарасынан тыс немесе ағызу шұңқырына кетеді. Көзге көрінбейтін майданның жауынгерлері – Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК жөндеу-құрылыс учаскесінің қызметкерлері проблемалық учаскелердің бірінде – Ұлы Дала даңғылында нөсер кәрізі желісіне қоса отырып қосымша жаңбыр қабылдағыш салу бойынша жұмыстар жүргізді.

25 Қазан – Республика күні

Құрметті қазақстандықтар, елорда тұрғындары! Сіздерді Тәуелсіз еліміздің әрбір азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймыз! Бұл күн – ата-бабамыздың арманы жүзеге асып, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. 1990 жылдың 25 қазанынан бастап бүкіл әлемге егемендік жариялай отырып, біздің еліміз жаңа тәуелсіз мемлекет құра бастады. Бүгін біз Қазақстанның саяси және экономикалық салалардағы жетістіктерін, оның халықаралық аренадағы жетістіктерін мақтан тұтамыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әрбір шаңыраққа бақ-береке және ырыс тілейміз! Еліміздің мәртебесі тек жоғарылап, биікке шарықтай беруіне тілектеспіз! Ізгі ниетпен, Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК ұжымы

Жүйелік шешімдер: қосылмаған жаңбыр қабылдағышты нөсер кәрізінің желісіне қосу

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК жөндеу-құрылыс учаскесі қызметкерлерінің күшімен Тұран даңғылындағы қосылмаған жаңбыр қабылдағышты нөсер кәрізінің желісіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Марапаттау!

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-да ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізбесіне енгізілген этникалық спорт түрлері бойынша ірі халықаралық жарыс – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары нысандарының нөсер кәрізі желілеріне тәулік бойы қызмет көрсету бойынша тапсырмалар орындаған жұмыскерлері елорда әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Зейнет жас!

Зейнетке шығу – әр адамның өмірі кітабындағы жаңа беттің басы! Бүгін техниканы пайдалану бөлімінің басшысы Дүйсен Қазиұлы Алтаев осы нәзік жасқа жетті. Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар. Еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Өмір жолы ұзақ әрі керемет болды. Әріптестерімен бірге ол көптеген кедергілерді еңсеріп, көлемді міндеттерді орындады. Дүйсен Қазиұлының кәсіпорын тыныс-тіршілігіне қатысуы оң нәтижелерге әкелді, ол жастарды үлгімен шабыттандырды, қиындықтарды еңсеріп, өзін-өзі жетілдірді, өз ісінің нағыз маманына айналды. Қажырлы еңбегі мен күш-жігері үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Осы мызғымас энергияны одан әрі сақтап, оны креативтік пен позитивтік арнаға бағыттауды қалаймыз. Мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық тілейміз!