Баспасөз орталығы

«ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒУ – ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНУ СӘТІ»

«ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒУ – ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНУ СӘТІ» Өндірістің жүрегі – еңбек адамы. Әр саланың маманы, әрбір еңбек адамы – қоғамның нағыз тірегі. «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнында еңбектің нағыз үлгісі болып жүрген жандардың бірі - Жәңгірханов Сұлтанбек Кеңісбекұлы. Ол елорданың игілігі үшін аянбай еңбек етіп келеді. 47 жылдық еңбек жолын абыроймен атқарған арда азаматтың соңғы бес жылға жуық өмірі «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнымен тығыз байланысты болды. Кәсіпорын негізі қаланған 2020 жылдан бері шынайы еңбекқорлық пен адалдықтың символын көрсетіп келеді. Ол өз ісіне деген сүйіспеншілігімен, жауапкершілігімен және адамгершілігімен ұжымына үлгі бола білді. Оның еңбегі – елорда тұрғындарының таза, жайлы ортада өмір сүруіне қосқан баға жетпес үлесі. Бүгін Сұлтанбек Кеңісбекұлы өмірінің жаңа бір кезеңіне қадам басып, зейнет жасына жетіп отыр. Бұл – адал еңбектің ақталған шағы, абыройлы демалыстың бастауы. Оның еңбек жолындағы жетістіктері мен үлгі боларлық қасиеттері жас ұрпаққа бағыт-бағдар болары сөзсіз. «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының ұжымы еңбек ардагеріне құрмет көрсетіп арнайы медаль мен алғыс хат табыстап, иығына қазақы дәстүр бойынша шапан жапты. Әріптестері ізгі тілектерін жеткізді. Сұлтанбек Кеңісбекұлына алдағы зейнеттік өмірінде зор денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз. #elordaecosystem #astana

«ELORDA ECO SYSTEM: 24/7 ЖАЙЛЫ ОРТА ҮШІН»

«ELORDA ECO SYSTEM: 24/7 ЖАЙЛЫ ОРТА ҮШІН» Елорда – еліміздің жүрегі, әрі миллиондаған тұрғындар мен қонақтардың сүйікті мекені. Бас қаланың таза, жайлы және қауіпсіз болуы – күн сайын үлкен еңбектің арқасында жүзеге асады. «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының жауынгерлері бұл жауапты істі үздіксіз, тәулік бойы атқаруда.

❄️ АЯЗДЫ КҮН – КЕДЕРГІ ЕМЕС!

❄️ АЯЗДЫ КҮН – КЕДЕРГІ ЕМЕС! 🔝«ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының жауынгерлері елордамызда жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру үшін ауа райының қолайсыздығына қарамастан еңбек етуде. 🔧⚙️Қорғаныш торларын орнату, нөсер қабылдағыштарды тазарту және су ағымының үздіксіздігін қамтамасыз ету – олардың күнделікті жауапты міндеті. 🚜Еңбекқор жандардың табанды еңбегі суық күнде елордаға жылулық сыйлайды. Біз таза, қауіпсіз қала үшін бірге еңбек етеміз! 🏙️✨ #elordaecosystem #astana

ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ Әр саланың маманы, әрбір еңбек адамы – қоғамның нағыз тірегі. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Қоғамда еңбек адамы бірінші орында тұруы тиіс. Шын мәнінде, барлық жетістіктің бастауы – адал еңбек және іскерлік» деп атап өткен. Осыған дәлел ретінде «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының қызметкерлерін айтуға болады. Олар – көзге көрінбейтін майданның нағыз жауынгерлері. Аязды қыс мезгіліне қарамастан, қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында тәулік бойы аянбай еңбек етуде. Кәсіпорын мамандары қаланың су ағымының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін арық-атыздар мен нөсер қабылдағыштарды тазартып, қажетті қорғаныш торларын орнатып жатыр. Қыс мезгілінде табиғаттың қатал жағдайында атқарылып жатқан бұл жүйелі жұмыстар елорданың таза әрі қауіпсіз қалпын сақтау үшін аса маңызды.

ӨЗГЕ КӨРІНБЕЙТІН МАЙДАН ЖАУЫНГЕРЛЕРІНІҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ

КӨЗГЕ КӨРІНБЕЙТІН МАЙДАН ЖАУЫНГЕРЛЕРІНІҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ 📍 Көзге көрінбейтін майдан жауынгерлерінің бүгінгі атқарған жұмыстары: ⭐️ 5 аудан 📌 102 қызметкер 🚜 35 дана техника ✅ Нөсер жауын қабылдайтын құбырлар мен коллекторлар тазартылды ✅ Қажетті қорғаныш торлары орнатылып, тазартылды ✅ Су ағымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін арық-атыздар бойы тазартылды 🔝 Жүйелі жұмыс өз жалғасын табады!

СУ СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

СУ СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ “ELORDA ECO SYSTEM” кәсіпорнының қызметкерлері демалыссыз еңбек етіп, экологиялық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуде. Бүгін көзге көрінбейтін майданның батырлары бірнеше су сорғы қондырғыларының жұмысқа жарамдылығын мұқият тексеріп шықты. Арнайы техниканың көмегімен 2016 жылдан бері қаралмаған №5 су сорғы станциясының қондырғысы толық ревизиядан өтті! 🚧 Бұл қадам жабдықтардың сенімділігі мен тиімділігін арттыруға, үздіксіз жұмыс істеуіне бағытталған. Қазіргі уақытта барлық су сорғы қондырғылары толықтай өз міндеттерін мінсіз атқаруға әзір. “ELORDA ECO SYSTEM” кәсіпорны – бас қаланың экологиялық тұрақтылығы мен тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін еңбек ететін сенімді серіктес! 🌱 #elordaecosystem #astana #экология

«ELORDA ECO SYSTEM» КӘСІПОРНЫ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

«ELORDA ECO SYSTEM» КӘСІПОРНЫ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! Елордамызда ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Аталған шараға байланысты «ELORDA ECO SYSTEM» мекемесінің қызметкерлері жедел шараларды қолға алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлы жағдай жасау мақсатында белсенді жұмыс атқаруда. Қала көшелерінде жиналған қарды тазарту, әсіресе нөсер қабылдағыштар мен құбырлардың бойын қардан тазарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Су жиналуға бейім жерлерде арнайы техниканың және қол күшінің көмегімен тазарту жұмыстары күшейтіліп, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарының қолжетімділігі қамтамасыз етілуде. Көзге көрінбейтін майданның жауынгерлері тәулік бойы, 24/7 режимінде кезекшілік атқарып, кедергілерді жоюда үлкен еңбек сіңіруде. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының қызметкерлері қажетті қорғаныш торлары орнатып, су ағымының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін арық-атыздар бойы мен нөсер қабылдағыштар бойын тазалап жатыр. Жылдың суық мезгілінде атқарылған бұл жүйелі жұмыстар үнемі жалғасатын болады. #elordaecosystem #astana #круглосуточно

📍«БӨЛІМ ТЫНЫСЫ» АЙДАРЫ📍

📍«БӨЛІМ ТЫНЫСЫ» АЙДАРЫ📍 🔧Жөндеу-механикалық шеберхана «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының маңызды құрылымдық бөлігі ⚙️Шеберхана арнайы техникаларды жөндеу мен оларға қызмет көрсету, қосалқы бөлшектерді дайындау арқылы тозған бөлшектерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді 🚜ЖМШ кәсіпорын көліктерін техникалық бақылаудан өткізу арқылы өндірістің үздіксіз жұмыс істеуі мен жоғары өнімділігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атақарады 👥Бөлімде білікті 18 маман жұмыс істейді

📍«Күн саны» айдары:📍

📍«Күн саны» айдары:📍 📆Бүгінгі маңызды сан – 610,8 📌 Бұл — «ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК қызмет көрсететін магистральды коллекторлар, жаңбыр, дренаж және нөсерлік канализация желілерінің жалпы ұзындығы (км). Кәсіпорын елорда тұрғындары мен қонақтарының жайлылығын қамтамасыз ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді. ✅ Елордамыздың таза, жайлы және қауіпсіз болуы — бәріміз үшін маңызды!

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАҚЫЛАУДА

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАҚЫЛАУДА «ELORDA ЕCO SYSTEM» кәсіпорны бас қаладағы жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді. Кәсіпорынның экология бөлімінің басшысы Галеев Батырбек Хамитбекұлы жауын суын жинайтын кәріз жүйесінің тазарту нысандары мен жинақтаушы тоғандардың жұмыс барысын бақылап шықты. Тексеру барысында тазарту процестерінің экологиялық стандарттарға сәйкестігі назарға алынды. Жауын суларының сапасын жақсарту үшін қолданылатын технологиялар табиғи ортаға зиянды әсерлерді азайтуға бағытталған. Жауын суын тазарту жүйелері судың құрамындағы зиянды заттарды тиімді түрде сүзіп, оны қайта пайдалану мүмкіндігін қарастырады. Кәсіпорын экология саласындағы жұмыс сапасын үздіксіз жетілдіруді көздеп, табиғатты қорғауға үлес қосу жолындағы шараларды үнемі жалғастырып отырады. Экологияны бірге қорғайық! #elordaecosystem #astana #экология

РҰҚСАТСЫЗ СҰЙЫҚТЫҚ ТӨГІНДІЛЕРІН АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ

РҰҚСАТСЫЗ СҰЙЫҚТЫҚ ТӨГІНДІЛЕРІН АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ Құрметті Астана қаласының тұрғындары! Біздің кәсіпорын нөсер кәріз желісіне рұқсатсыз төгілетін сұйықтықтарды анықтау және алдын алу бойынша жұмыстарды үздіксіз жүргізуде. Бүгін Сәкен Сейфуллин көшесі, №49/3 мекенжайында орналасқан «Tumar Hansa» банкет залында заң бұзушылық әрекеті тіркелді. Анықталған дерек бойынша, банкет залының шаруашылық-тұрмыстық қалдық сулары «ElordaEcoSystem» ШЖҚ МКК-ға қарасты нөсер кәріз құбырына заңсыз төгілген. Оқиға орнында тиісті акт толтырылып, жағдай туралы экологиялық бақылау органдарына және жергілікті полицияға хабарланды. «ElordaEcoSystem» ШЖҚ МКК-ға тиесілі құбырлар мен магистральдарға қандай да бір рұқсатсыз сұйықтықтарды төгуге қатаң тыйым салынады. Мұндай әрекеттер экологияға айтарлықтай зиян тигізіп, қала инфрақұрылымына кері әсерін тигізуі мүмкін. Экологияға жанашырлықты өзімізден бастайық! Сіздің қолдауыңыз экологияны қорғауға және қала тазалығын сақтауға үлкен үлес қосады!

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ Құрметті қазақстандықтар! Қадірлі елорда тұрғындары мен қаржыгерлер! Сіздерді тәуелсіздігіміздің айқын белгісі әрі ұлттық мақтанышымыз – Ұлттық валюта күнімен және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 1993 жылдың 15 қарашасында еліміздің төл ақшасы айналымға енгізіліп, жаңа экономикалық бағытқа жол ашылды. Қазіргі уақытта теңге еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді. Барша қазақстандықтарды Ұлттық валюта күнімен құттықтаймыз! Әрбір шаңыраққа бақ-береке дарып, барша қазақстандықтар бай қуатты болсын! Еліміздің мәртебесі асқақтай берсін! Ізгі ниетпен, Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК ұжымы