Баспасөз орталығы

РҰҚСАТСЫЗ СҰЙЫҚТЫҚ ТӨГІНДІЛЕРІН АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ

РҰҚСАТСЫЗ СҰЙЫҚТЫҚ ТӨГІНДІЛЕРІН АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ Құрметті Астана қаласының тұрғындары! Біздің кәсіпорын нөсер кәріз желісіне рұқсатсыз төгілетін сұйықтықтарды анықтау және алдын алу бойынша жұмыстарды үздіксіз жүргізуде. Бүгін Сәкен Сейфуллин көшесі, №49/2 мекенжайында орналасқан «Замандас» кафесінде заң бұзушылық әрекеті тіркелді. Анықталған дерек бойынша, кафенің шаруашылық-тұрмыстық қалдық сулары «ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК-ға қарасты нөсер кәріз құбырына заңсыз төгілген. Оқиға орнында тиісті акт толтырылып, жағдай туралы экологиялық бақылау органдарына және жергілікті полицияға хабарланды. «ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК-ға тиесілі құбырлар мен магистральдарға қандай да бір рұқсатсыз сұйықтықтарды төгуге қатаң тыйым салынады. Мұндай әрекеттер экологияға айтарлықтай зиян тигізіп, қала инфрақұрылымына кері әсерін тигізуі мүмкін. ​Экологияға жанашырлықты өзімізден бастайық! Сіздің қолдауыңыз экологияны қорғауға және қала тазалығын сақтауға үлкен үлес қосады!

КӘСІПОРЫННЫҢ 2024 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ

«ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК – Астана қаласы мен қала маңындағы аумақтарда коллекторлар мен нөсер кәріз жүйелерін пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жаңғыртуға жауапты маңызды кәсіпорын. Кәсіпорынның басты міндеттері: - ​Астана қаласы бойынша толықтай нөсер кәріз желілерін күтіп ұстау; -​ Нөсер ағындары мен жер асты суларының жиналуын және бұрылуын қамтамасыз ету; - ​Нөсерлік және дренаждық кәріздер, сорғы станциялары мен тазарту құрылыстарына қызмет көрсету; - ​Инфрақұрылымның қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету арқылы тұрғындар мен кәсіпорындардың жайлылығы мен әл-ауқатын арттыру кіреді. Кәсіпорынның 2024 жылы атқарған жұмыстары: - 10 285 дана су ағызу және нөсер суын қабылдайтын құбыр тазартылды; - 140 835 метр құбыр жуылды; - 992 дана қорғаныш торлары орнатылып, ауыстырылды; - теңгерімдегі нысандардан 5355 тонна лай мен қоқыс шығарылды; - 674,5 шақырым магистральды коллекторлар мен жаңбыр, дренаж және нөсерлік кәріз желілері күтіп ұсталды; - 18 тазарту нысаны, 1 су жинақтаушы тоған мен 118 дана сорғы станциясы тұрақты жұмыс істеп тұр. «ELORDA ECO SYSTEM» - Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы үшін 24/7 режимде жұмыс істейді.

ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті Отандастар! Қадірлі елорда тұрғындары мен қонақтары! «ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК ұжымы Сіздерді Жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтайды! Жаңа жыл – бұл жаңа бастамалар мен жарқын үміттердің уақыты. Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін талай маңызды оқиғалармен және жетістіктермен есте қалды. Әрқайсыңыздың еңбектеріңіз бен қолдауларыңыз еліміздің гүлденуі мен тұрақты дамуына үлес қосып келеді. 2025 жыл Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға құт-береке, мол табыс пен бақыт әкелсін! Жаңа «жылан» жылында еліміз аман, жеріміз тыныш, болашағымыз жарқын болсын! Мемлекетіміз көркейіп, жаңа жылда жағымды жаңалықтар көп болсын! Ізгі ниетпен, Астана қаласы әкімдігінің «ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК

БАЛАЛАР ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНГЕН КҮН

БАЛАЛАР ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНГЕН КҮН Жаңа жыл – балалар үшін ерекше қуаныш пен ертегіге толы мереке. Осыған орай, «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының кәсіподақ ұйымы мекеме қызметкерлерінің бүлдіршіндеріне арналған жаңа жылдық сыйлықтар таратты. Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің отбасыларына қуаныш сыйлап, кәсіпорынның ұжымдық бірлігін арттыру. «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының кәсіподақ ұйымы бұл шара арқылы өз қызметкерлерінің отбасыларына мерекелік көңіл-күй сыйлаумен қатар, балаларға жаңа жылдық ғажайыптың бар екенін сезіндірді. «ELORDA ECO SYSTEM» ұжымы осындай шараларды дәстүрлі түрде ұйымдастырып, әрбір қызметкер мен оның отбасы мүшелеріне қолдау көрсетуге аса мән береді. Баршаңызды алда келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз! #жаңажыл #новыйгод #сыйлық #подарки #elordaecosystem

1600 ММ СУ КОЛЛЕКТОРЫ ТАЗАРТЫЛЫП ЖАТЫР

1600 ММ СУ КОЛЛЕКТОРЫ ТАЗАРТЫЛЫП ЖАТЫР «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорны бас қаланың экологиялық тазалығын сақтау мен тұрғындар үшін жайлы ортаны қамтамасыз ету мақсатында өз жұмысын қарқынды түрде жалғастыруда. Қазіргі уақытта «Көктал» шағын ауданында орналасқан № 3/2 тазарту нысанында диаметрі 1600 мм су жеткізу коллекторы лай мен қоқыстан тазартылып жатыр. Тазарту жұмыстары механикалық әдіспен, арнайы «жүк тартқыш» («лебедка») көмегімен жүргізілуде. Бұл шаралар тазарту нысанының тиімділігін арттыруға бағытталған.

📢 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДӘРІС 📢

📢 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДӘРІС 📢 Астана қалалық қоғамдық кеңес мүшесі, Антикор еріктісі Тайтенова Самира Өмірбайқызы «Elorda Eco System» кәсіпорнының ұжымы үшін маңызды дәріс өткізді. Спикер қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі қағидаларын түсіндіріп, келесі мәселелерге ерекше тоқталды: 🔹 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары 🔹 Мемлекеттік сатып алу барысындағы жемқорлық тәуекелдері 🔹 Заң бұзушылықтардың салдары мен жауапкершілігі 🔹 Қоғамдық бақылаудың маңызы Іс-шара барысында қызметкерлердің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріліп, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тиімді әдістері талқыланды. Бұл дәріс ұжымның құқықтық сауаттылығын арттыруға және ашық, адал жұмыс қағидаларын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды. 🔗 Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз!

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСУДА

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСУДА «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорны бас қаланың экологиялық тазалығын сақтау мен тұрғындар үшін жайлы ортаны қамтамасыз ету мақсатында өз жұмысын қарқынды түрде жалғастыруда. Қазіргі уақытта «Сарыарқа» ауданында орналасқан № 2/1 тазарту нысанында тұндырғыш реттегіш алаңын қоқыс пен лайдан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарға арнайы техникалар мен кәсіби мамандар жұмылдырылған. Бұл шаралар тазарту нысандарының тиімділігін арттыруға бағытталып отыр.

ЕСІЛ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫ ТАЗАРТУ НЫСАНДАРЫНА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗДІ

ЕСІЛ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫ ТАЗАРТУ НЫСАНДАРЫНА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗДІ Бүгін «Есіл бассейндік инспекциясы» РММ «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының үш тазарту нысанына кезекті тексеріс жүргізді. Тексеру нәтижесінде барлық құжаттар мен құрал-жабдықтардың талапқа сай екені расталды. Тексерістің толық есебі алдағы уақытта шығатын болады.

ТӘУЕЛСІЗДІК - ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҚАЗЫНАСЫ

ТӘУЕЛСІЗДІК - ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҚАЗЫНАСЫ Құрметті Отандастар! Қадірлі Қазақ елі! Баршаңызды мерейлі де мәртебелі мейрам – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 16 желтоқсан – ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып, жарқын жасампаздық пен үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан күн. Сондықтан, бұл мереке бәріміз үшін қасиетті де, қастерлі. Тәуелсіздік бізге ұлттық бірлік пен тұтастықтың, ұлы мақсаттар мен ортақ арманның құндылығын тереңірек түсіндіреді. Айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке мен бірлік, тілейміз! Егемен еліміздің көк туы әрқашан биікте желбіреп, тәуелсіздігіміз баянды болсын! Ізгі ниетпен, Астана қаласы әкімдігінің «ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК

БӘРІ ЖАЙЛЫ ОРТА ҮШІН

БӘРІ ЖАЙЛЫ ОРТА ҮШІН Астана - еліміздің жүрегі әрі миллиондаған тұрғындар мен қонақтардың сүйікті мекені. Бас қаланың таза, жайлы және қауіпсіз болуы – күн сайын үлкен еңбектің арқасында жүзеге асады. «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының қызметкерлері бұл жауапты істі үздіксіз, тәулік бойы атқаруда. Кәсіпорын жыл басынан бері: - 9903 дана су ағызу және нөсер суын қабылдайтын құбырларды тазартты; - Ұзындығы 126 685 метр құбырларды жуды (оның ішінде соңғы 3 айда жуылған құбырдың ұзындығы 66 657 метр); - 863 дана қорғаныш торларын орнатып, ауыстырды; - Теңгерімдегі нысандардан 3939 тонна лай және қоқыс шығарды (оның ішінде соңғы 3 айда 2650 тоннасы шығарылды); - Ұзындығы 674,5 шақырым магистральды коллекторлар, жаңбыр, дренаж және нөсерлік канализация желілерін күтіп ұстауға қызмет көрсетуде.

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ АРДАҚТАЛДЫ

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ АРДАҚТАЛДЫ 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнында салтанатты жиын өтті. Шара Мемлекеттік Әнұранмен басталып, оған кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Кәсіпорын әкімшілігі барлық әріптестерін айтулы мерекемен құттықтап, олардың ел дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады. Күнделікті көрінбейтін майданда қажырлы еңбек етіп жүрген азаматтар ардақталып, марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Оларға Астана қаласының әкімі Қасымбек Жеңіс Махмұдұлының, елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың және қалалық коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы Ерлан Сыздықовтың атынан арнайы алғыс хаттар табысталды. Бұл марапаттар – еңбекті бағалаудың, жауапкершілік пен адал қызметтің айқын дәлелі. Еңбектеріңіз жемісті болсын, Тәуелсіздік күні құтты болсын! #марапат #еңбекардақталды #elordaecosystem

ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТІРЕГІ Тәуелсіздік – ұлттың ең үлкен байлығы! Бүгін біз азат ел ретінде өз таңдауымызды жасап, болашаққа нық қадам басып келеміз. Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың азаттық жолындағы ерлігін еске алатын, еліміздің болашағы үшін жауапкершілік сезінетін ерекше мереке. Бейбіт аспан астындағы Қазақстанымыз мәңгі жасасын! Еліміздің өркендеуіне бірге атсалысайық! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!