Баспасөз орталығы

ҚҰЖАТ МӘДЕНИЕТІ: БҰЙРЫҚТАРДЫ РӘСІМДЕУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

ҚҰЖАТ МӘДЕНИЕТІ: БҰЙРЫҚТАРДЫ РӘСІМДЕУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ 📎Құжат айналымы – кез келген ұйымның тиімді жұмыс істеуінің негізгі тетігі. Бұйрықтардың дұрыс әрі сауатты рәсімделуі – құжаттардың заңдық күшін арттырып, олардың орындалуын қамтамасыз етудің басты шарты. Бүгін «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорын мәжіліс залында «Бұйрықтарды дайындау және рәсімдеу талаптары» тақырыбында семинар-оқыту өтті. 🟢Семинарды Құжаттамалық қамтамасыз ету және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Бектемісова Бақыт Ғазизқызы жүргізді. Іс-шараға қызметтер мен бөлім басшылары, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлері қатысты. Қатысушылар бұйрықтарды дұрыс рәсімдеу талаптары, құжат айналымындағы негізгі қағидалар туралы маңызды ақпарат алып, өз сұрақтарына жауап алды. Бұл семинар құжаттардың сапасын арттыру, ресми бұйрықтарды әзірлеу және рәсімдеу кезінде жиі кездесетін қателіктердің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. 👥Қатысушылар бұйрықтардың мазмұнын нақты әрі сауатты құрастырудың маңыздылығын талқылап, тәжірибелік мысалдар арқылы білімдерін шыңдады. ✅Семинар соңында қатысушылардың алған білімдерін шыңдау әрі сергіту мақсатында арнайы ойын ұйымдастырылды. 🔹Құжат сапасын арттыру – кәсіби қызметтің маңызды бөлігі. Сондықтан мұндай оқыту семинарлары қызметкерлердің құзыреттілігін арттырып, құжат айналымын жетілдіруге үлкен үлес қосады. 📌Алдағы уақытта да осындай пайдалы іс-шаралар өз жалғасын табады. #elordaecosystem #astana #елорда #семинар

📌ТЕХНИКАНЫҢ ЖҮРЕГІН ТІРІЛТКЕН МАМАН

📌ТЕХНИКАНЫҢ ЖҮРЕГІН ТІРІЛТКЕН МАМАН ⭐️Еңбек адамы – елдің тірегі. Осындай жандардың бірі – Нұрымбетов Ерлан Адырбекұлы. Ол «Elorda Eco System» кәсіпорнының жөндеу-механикалық шеберханасында моторист болып қызмет етеді. 🚜Кез келген техниканың басты бөлігі – оның моторы. Ал сол мотордың ақаусыз жұмыс істеуі кәсіби мотористің білімі мен шеберлігіне байланысты.30 жылға жуық жұмыс тәжірибесі бар Ерлан Адырбекұлы – ауыр техниканың жүрегін тірілтіп, ел игілігіне қызмет етіп жүрген нағыз кәсіби маман. Ерлан Адырбекұлы тек өз ісінің білікті маманы ғана емес, сонымен қатар әріптестеріне де үлгі бола білетін жан. 🔝Мұндай мамандардың еңбегі әрдайым бағалануы тиіс. Кәсіби шеберлігімен ел дамуына үлес қосып жүрген Ерлан Нұрымбетов сынды жұмысшы мамандық иелері – нағыз құрметке лайық тұлғалар! #elordaecosystem #жұмысшымамандықтаржылы #годрабочихпрофессий

ҚАҢТАР АЙЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

ҚАҢТАР АЙЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ✅ “ELORDA ECO SYSTEM”кәсіпорны - Астана қаласының су бұру жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. ✅ Қаңтар айында атқарылған негізгі жұмыстар: 🔹 452 дана су ағызу және нөсер суын қабылдайтын құбыр тазартылды; 🔹 9 150 метр құбыр жуылды; 🔹 52 метр су коллекторы жүк тартқыш (лебедка) тәсілімен тазартылды; 🔹 34 дана қорғаныш торлары орнатылып, ауыстырылды; 🔹 Теңгерімдегі нысандардан 1 202 тонна лай мен қоқыс шығарылды; 🔹 12 358 метр арық-науа желілері қар мен мұздан тазартылды; 🔹 917 м³ қар тазарту нысандарынан полигонға шығарылды. 📍 “ELORDA ECO SYSTEM” –Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы үшін 24/7 режимде жұмыс істейді. #elordaecosystem #astana #елорда

🔹СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР🔹

🔹СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР🔹 Қазіргі таңда «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорны тарапынан су тасқынына қарсы шаралар белсенді түрде қолға алынды. Су тасқынына қарсы шаралар аясында көзге көрінбейтін майданның жауынгерлері нөсер кәріз жүйелерін жуып, қоқыс пен лайдан тазалап, олардың су өткізу қабілетін арттыруда. Сондай-ақ, арық-науа желілерін қардан, сорғы станциялары мен тазарту нысандарын қар мен қоқыстан тазарту жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Бұл жұмыстар көктемгі су тасқыны қаупін азайтуға, қаланың су басу қаупі бар аймақтарында су ағымын реттеуге бағытталған. #elordaecosystem #сутасқынынақарсышаралар #astana #елорда

🔹«ЕҢБЕКТІҢ ЕРЕН ТҰЛҒАЛАРЫ: МАХСАТ БУДУКОВ»🔹

🔹«ЕҢБЕКТІҢ ЕРЕН ТҰЛҒАЛАРЫ: МАХСАТ БУДУКОВ»🔹 📍Еңбегімен елге танылған азаматтар – нағыз құрметке лайық тұлғалар. Бүгін біз «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының нағыз кәсіби мамандарының бірі – Будуков Махсат Болатұлы туралы айтқымыз келеді. 📌Ол кәсіпорын құрылғалы бері осы салада аянбай еңбек етіп келеді. Махсат Болатұлы сорғы станцияларын пайдалану қызметінің апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарьлар бригадирі қызметін атқарады. Жалпы 19 жылдық тәжірибесі бар білікті маман. 🔝Кәсібіне деген адалдығы мен еңбекқорлығы, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы – оны әріптестері арасында сыйлы, ұжымда беделді етеді. Оның еңбегі – тек жеке жетістік емес, бүкіл кәсіпорынның тұрақты дамуына қосылған зор үлес. ✅Еңбексүйгіш мамандардың мәртебесі әрдайым жоғары болсын!

«ЕҢБЕКТІҢ ЕРЕН ТҰЛҒАЛАРЫ»

«ЕҢБЕКТІҢ ЕРЕН ТҰЛҒАЛАРЫ» 🔹Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл – еңбек адамдарының мәртебесін арттырып, олардың ел дамуындағы рөлін дәріптеуге бағытталған маңызды қадам. 📍«ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының қызметкерлері де нағыз еңбек майталмандары. Солардың бірі – Сейлханов Жанболат Бағысбекұлы, бүгінгі айдардың басты кейіпкері. ⭐️Жанболат Бағысбекұлы кәсіпорын құрылған күннен бастап нөсерлік кәріз желілерін пайдалану бөлімінде апаттық қалпына келтіру жұмыстарының слесарі болып еңбек етіп келеді. Бұл саладағы жалпы еңбек өтілі – 12 жылдан астам. Өз ісіне деген жауапкершілігі мен кәсібіне адалдығы арқасында ол ұжым арасында үлкен құрметке ие. 🔝Еңбек адамдары – еліміздің басты құндылығы! Олардың тынымсыз еңбегі мен адалдығы арқылы мемлекетіміздің негізі қаланып, алға басуда. Жанболат Бағысбекұлы секілді азаматтар – нағыз үлгі тұтар тұлғалар! ✅Біздің еңбегіміз – ел игілігі үшін! #elordaecosystem #жұмысшымамандықтаржылы #EES

🔝ЕҢБЕК АДАМДАРЫ АРДАҚТАЛДЫ🔝

🔝ЕҢБЕК АДАМДАРЫ АРДАҚТАЛДЫ🔝 📌24 қаңтар – «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының негізі қаланған күн! Бүгін компанияның 5 жылдық мерейтойы қарсаңында салтанатты іс-шара өтті. Кәсіпорын әкімшілігі барлық әріптестерін айтулы мерекемен құттықтап, олардың ел дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады. Күнделікті көрінбейтін майданда қажырлы еңбек етіп жүрген азаматтар ардақталып, марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. 👥Басшылық құрам кәсіпорынның және оның қызметкерлерінің 5 жыл ішінде атқарған жұмыстары мен жеткен жетістеріне тоқталды. Кәсіпорынның дамуына елеулі үлес қосқан еңбек адамдарына Астана қаласының әкімі Қасымбек Жеңіс Махмұдұлының, елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың және қалалық коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы Ерлан Сыздықовтың, кәсіпорын басшылығының атынан арнайы алғыс хаттар табысталды. ⭐️Бұл марапаттар – еңбекті бағалаудың, жауапкершілік пен адал қызметтің айқын дәлелі. 🎼🎤Кәсіпорын қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салып, әсем ән мен күмбірлі күймен салтанатты шараның көркін қыздырды. Жиналған жұртшылық мерекелік көңіл күй сезінді. 🔹Салтанатты шара соңы қызметкерлерге арналған дастарқанмен жалғасты. ✅Еңбектеріңіз жемісті болсын, еңбек адамдары! Кәсіпорынның 5 жылдық мерейтойы құтты болсын! #elordaecosystem #5жыл #elordaecosystem5жыл

«ELORDA ECO SYSTEM» – 5 ЖЫЛ! БІЗДІҢ КӨРСЕТКІШТЕР

«ELORDA ECO SYSTEM» – 5 ЖЫЛ! БІЗДІҢ КӨРСЕТКІШТЕР 🏙️Биыл біздің кәсіпорын 5 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы уақыт ішінде біз елорда тұрғындарының жайлылығы мен инфрақұрылымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. 📊 2020 жыл мен 2025 жылдың көрсеткіштері: • Жуылған коллекторлар ұзындығы: 34 514 м → 141 935 м • Тазартылған арық науа желісі: 31 425 м → 120 847 м • Су тасқынына қарсы айдалған су көлемі: 50 054 м³ → 163 870 м³ • Тазартылған су ағызу және нөсер құбырлары саны: 3103 → 10 310 дана. ✅Бұл жетістіктер – біздің ұжымның адал еңбегінің және кәсібилігінің жемісі. Алдағы уақытта да жүйелі жұмысты жалғастыра береміз! #ElordaEcoSystem #5жыл #ElordaEcoSystem5жыл

ӨНІМДІЛІК ДЕҢГЕЙІ АРТТЫ

ӨНІМДІЛІК ДЕҢГЕЙІ АРТТЫ «ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК – Астана қаласы мен қала маңындағы аумақтардың нөсер кәріз жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жаңғырту жұмыстарымен айналысатын маңызды кәсіпорын. Біз: 🔹 Нөсер ағындары мен жер асты суларының жиналуын болдырмаймыз; 🔹 Су бұру жүйелерінің сенімділігін қамтамасыз етеміз; 🔹 Қаланың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға атсалысамыз. Кәсіпорынның көрсеткіштері: ✅ 2020 жылы: * 445,8 шақырым магистральды коллекторлар мен жаңбыр, және нөсерлік кәріз желісін, 34 шақырым арық-науа желісін күтіп ұстау; * 13 су тазарту нысаны және 74 сорғы станциясы. ✅ 2025 жылы: * 674,5 шақырым магистральды коллекторлар мен жаңбыр, және нөсерлік кәріз желісін, 51,5 шақырым арық-науа желісін күтіп ұстау; * 18 су тазарту нысаны және 118 сорғы станциясы. ELORDA ECO SYSTEM – қала инфрақұрылымының сенімді әрі тұрақты жұмыс істеуінің кепілі! #elordaecosystem #elordaecosystem5жыл #5жыл

✅1600 ММ СУ КОЛЛЕКТОРЫН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ✅

✅1600 ММ СУ КОЛЛЕКТОРЫН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ✅ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жарлығымен 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Ал, «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының қызметкерлері нағыз жұмысшы мамандық иелері және еңбек адамдары. Кәсіпорын бас қаланың экологиялық тазалығын сақтау мен тұрғындар үшін жайлы ортаны қамтамасыз ету мақсатында өз жұмысын қарқынды түрде жалғастырып келеді. Бүгінгі таңда көзге көрінбейтін майданның жауынгерлері «Көктал» шағын ауданында орналасқан № 3/2 тазарту нысанында диаметрі 1600 мм су жеткізу коллекторын лай мен қоқыстан тазартып жатыр. Тазарту жұмыстары механикалық әдіспен, арнайы «жүк тартқыш» яғни «лебедка» көмегімен жүргізілді. Тазарту нысанының тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шара нәтижесінде бүгін су коллекторынан 4 тонна қоқыс пен лай шығарылды. Кәсіпорын тарапынан жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. #elordaecosystem #astana #елорда #лебедка

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР

✅Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «ELORDA ECO SYSTEM» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2020 жылы 24 қаңтар күні құрылды. 🏙️Кәсіпорын еліміздің бас қаласының су бұру жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірден бір ұйым. «ELORDA ECO SYSTEM»– Астана қаласы мен қала маңындағы аумақтарда коллекторлар мен нөсер кәріз жүйелерін пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жаңғыртуға жауапты маңызды кәсіпорын. 🔝Ұйымның басты мақсаты – инфрақұрылымның қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету арқылы тұрғындар мен кәсіпорындардың жайлылығы мен әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ су бұру жүйесінің сапалы жұмысын қолдау. 📍Кәсіпорынның қызмет саласына нөсер кәріз желілерін күтіп ұстау, нөсер ағындары мен жер асты суларының жиналуын және бұрылуын қамтамасыз ету кіреді. Сонымен қатар, нөсерлік және дренаждық кәріздер, сорғы станциялары мен тазарту құрылыстарына қызмет көрсетуді жүзеге асырады. 🚜Кәсіпорын теңгеріміндегі 101 арнайы техника мен 37 мотопомпа және білікті арнайы мамандар тәулік бойы (24/7) елорданың тазалығын, жайлылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге сақадай сай. Қазіргі таңда кәсіпорын 674,5 шақырымдық магистральді коллекторлар мен нөсерлік дренаждық кәріз желілеріне, 51,5 шақырым арық-науа жүйесіне техникалық қызмет көрсетеді. 18 тазарту нысаны, 1 жинақтаушы тоған және 118 дана насостық станция тұрақты жұмыс істеп тұр. 🔹«ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының жұмысы – қала инфрақұрылымын қолдаудағы маңызды фактор. Жұмыс тиімділігін арттыруүшін кәсіпорын заманауи техникалық шешімдер мен әдістерді қолдана отырып, елорда тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту жолында үнемі еңбек етеді. #elordaecosystem #astana #елорда

«ТЕЛЕИНСПЕКЦИЯ КӨЛІГІНІҢ» МҮМКІНДІКТЕРІ

🌍 “ELORDA ECO SYSTEM” кәсіпорны өндіріске заманауи технологияларды енгізіп, жұмыс тиімділігін арттыруда. Соның бірі соңғы үлгіде жабдықталған “Телеинспекция көлігі”. 🚀 Телеинспекция роботының артықшылықтары: • Құбырлар мен кәріз жүйелерін тексеру: ақауларды жылдам және дәл анықтайды. • Қауіпсіз жұмыс: қауіпті аймақтарда адамдарды алмастырады. • Автономды жұмыс: үлкен аумақтарды қамти отырып, жылдам диагностика жасайды. 📸 Камера мүмкіндіктері: • Жоғары ажыратымдылық және 360° толық шолу. • Термобейнелеу арқылы ағып жатқан жерлерді табу. • Қараңғыда көру және мәліметтерді реал-таймда беру. “ELORDA ECO SYSTEM” - Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы үшін 24/7 режимде жұмыс істейді.