Баспасөз орталығы

АЯУЛЫ АРУЛАР, МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН! 🌸💐

АЯУЛЫ АРУЛАР, МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН! 🌸💐 «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорня барша нәзік жандыларды көктемнің шұғылалы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды! Бүгін кәсіпорын азаматтары әріптес аруларды құттықтап, жылы лебіздері мен арнайы сыйлықтарын ұсынды. Бұл күн – аналарымыздың, әпке-қарындастарымыздың, әріптестеріміздің мейірімі мен махаббатына, даналығы мен төзімділігіне алғыс айтатын ерекше сәт. Сіздердің еңбектеріңіз – ұжымымыздың жүрегі, кәсіпорнымыздың дамуына қосқан баға жетпес үлес. Баршаңызға шаттық, бақ-береке және сарқылмас қуат тілейміз! 🔹 Әр күніңіз көктемдей шуақты, көңіліңіз гүлдей жайнасын! #elordaecosystem #8наурыз #8марта💐

АҚПАН АЙЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

АҚПАН АЙЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ✅ “ELORDA ECO SYSTEM”кәсіпорны - Астана қаласының су бұру жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. ✅ Ақпан айында атқарылған негізгі жұмыстар: 🔹 1663 дана су ағызу және нөсер суын қабылдайтын құбыр тазартылды; 🔹 10 745 метр құбыр жуылды; 🔹 51 дана қорғаныш торлары орнатылып, ауыстырылды; 🔹 Теңгерімдегі нысандардан 67 тонна лай мен қоқыс шығарылды; 🔹 36156 метр арық-науа желілері қар мен мұздан тазартылды; 🔹 3310 метр құбыр буландырылды; 🔹 4838 м³ қар тазарту нысандарынан полигонға шығарылды. 📍 “ELORDA ECO SYSTEM” –Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы үшін 24/7 режимде жұмыс істейді.

КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТКЕРІ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

«Elorda Eco System» кәсіпорны өндіріске жаңа технологияларды енгізу және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында сорғы станцияларын пайдалану бөлімінің механигі Роман Абильбаевты бір топ отандық делегат мүшелерімен бірге Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен жіберді. Іс-сапар аясында делегация: ✅ Ханчжоу қаласындағы сорғы құрылғыларын шығаратын зауытқа барып, «NIS», «CDM», «XHL(T)», «CNP-TSURUMI», «NSC» маркалы тұрмыстық, кәріздік және екі жақты тарту мүмкіндігі бар сорғылардың құрастыру, жинақтау және жұмыс істеу тәртібімен танысты. ✅ Уси қаласындағы тазарту нысаны станциясының жұмысын зерттеп, ондағы заманауи технологиялар мен тиімді инженерлік шешімдерді талқылады. Бұл сапар «Elorda Eco System» кәсіпорнының қызметін жетілдіруге, жаңа технологияларды енгізуге және су шаруашылығы саласында озық тәжірибелерді қолдануға үлкен мүмкіндік береді. Алынған білім мен тәжірибе алдағы уақытта өндірістік процестерді оңтайландыруға және кәсіпорынның өнімділік деңгейін арттыруға ықпал етеді. #elordaecosystem #astana #халықаралықтәжірибе #инновация #жаңатехнологиялар

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті Отандастар! Қадірлі әріптестер және елорда тұрғындары! Сіздерді көктем мезгілінің алғашқы күнінен бастау алатын Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ызғарлы қыс пен жайма шуақ көктем мезгілінің арасындағы алтын көпір іспеттес атаулы мереке жасампаз еліміздің бірлігі мен тұтастығының көрінісі. Бұл күні барша отандастарымыз бір-біріне мерекелік ыстық ықыластарын білдіріп құттықтап жатады. Алғыс айту күні – мейірімділік пен ізгіліктің, бірлік пен татулықтың мерекесі. Тіршілік атаулысына қайтадан жан бітіп, жаңадан түлеп жаңарған сәттегі мереке қарсаңында баршаларыңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз! Бірлік пен өзара қолдаудың арқасында үлкен жетістіктерге жете берейік! Ізгі ниетпен, Астана қаласы әкімдігінің «ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК

КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«ELORDA ECO SYSTEM» КӘСІПОРНЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК басшысы болып Бейбіт Болатұлы Жаваров тағайындалды. Кәсіпорын ұжымына жаңа басшыны Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Сыздықов таныстырып, қызметіне сәттілік пен табыс тіледі. Басқарма басшысы Бейбіт Болатұлына бас қаланың су бұру жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, көктемгі су тасқынына қарсы дайындық іс-шараларын күшейту сынды бірқатар маңызды міндеттерді жүктеді. Бейбіт Болатұлы Қазақ ұлттық аграрлық университетін, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша – инженер-гидротехник және экономист. Еңбек жолын 2010 жылы «Қазсушар» РМК-да инженер болып бастаған. 2013-2024 жылдары «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК, «Көкшетау Су Арнасы» МКК техникалық даму бөлімінің басшысы болған. 2024 жылдың қыркүйегінен бастап бүгінге дейін «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК бас директорының орынбасары қызметін атқарды.

БКНС «ТҰРАНДА» ЖАҢА СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ

🔹КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ: БКНС «ТҰРАНДА» ЖАҢА СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ🔹 ✅Көктемгі су тасқынына қарсы дайындық аясында «Elorda Eco System» кәсіпорны қарқынды жұмыстар жүргізуде. Су тасқынының алдын алу және суды тиімді бұруды қамтамасыз ету мақсатында БКНС «Тұранда» жаңарту жұмыстары іске асырылды. 📌Атап айтқанда, 2016 жылдан бері пайдаланылып келген 8 ескі сорғы құрылғысы заманауи, өнімділігі жоғары жаңа жабдықтарға ауыстырылды. Енді станцияда қуаты 55 кВт және сағатына 1600 текше метр суды айдай алатын шведтік «Flygt» брендінің сорғылары жұмыс істейді. 📍Сонымен қатар, жаңарту жұмыстары барысында «Тұран» БКНС аумағынан 100 текше метр лай мен қоқыс тазартылды. Нәтижесінде станция үлкен көлемдегі суды жылдам өңдеп, қаланың су бұру жүйесінің тұрақты әрі үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Жаңартылған жүйе жабдықтардың шамадан тыс жүктелуін азайтып, олардың қызмет көрсету мерзімін ұзартуға да ықпал етеді. ✔️Бұл жұмыстар көктемгі су тасқынының алдын алуға, инженерлік инфрақұрылымның сенімділігі мен тиімділігін арттыруға айтарлықтай үлес қосады.

🔹КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ: АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ🔹

🔹КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ: АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ🔹 📌Қазіргі таңда «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорны су тасқынының алдын алу шараларын қарқынды түрде жүргізуде. Қаланың су өткізу жүйелерінің жұмысын жақсарту мақсатында нөсер кәріз жүйелері мен нөсер суын қабылдайтын құбырлар ыстық сумен жуылып, қоқыс, лай және мұздан тазартылды. 🚜Сонымен қатар, арнайы экскаватор техникасының және кәсіпорын қызметкерлерінің көмегімен арық-науа желілері қар мен мұздан тазартылуда. Арық-науа құбырларындағы мұзды еріту үшін «Урал» арнайы техникасы қолданылып, буландыру жұмыстары жүргізілуде. 📍Аталған шаралар көктемгі су тасқыны қаупін азайтуға және су басу қаупі бар аймақтарда су ағымын реттеуге бағытталған. ✅«ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорны қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істеуде.

📍КӨЗГЕ КӨРІНБЕЙТІН, БІРАҚ МАҢЫЗДЫ МАМАН

📍КӨЗГЕ КӨРІНБЕЙТІН, БІРАҚ МАҢЫЗДЫ МАМАН 👷🏻‍♂️Еңбек адамы – ел мақтанышы. Қоғамның сан түрлі саласында еңбек етіп, сол бағытты алға жылжытуға үлес қосып жүрген жандар нағыз құрметке ие. 🏙️Еліміздің бас қаласының өркендеуі, инженерлік инфрақұрылымының сенімді жұмыс істеуі – мыңдаған еңбек адамдарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі. 25 жылдан астам Астана қаласының дамуына аянбай еңбек етіп жүргендердің бірі - Құрманбаев Ерлан Қасымұлы. 📌Еңбек жолын қарапайым жұмысшы ретінде бастаған Ерлан Қасымұлы өз ісіне деген адалдығы мен жауапкершілігінің арқасында кәсіби тұрғыда өсіп, бүгінде «Elorda Eco System» кәсіпорнында нөсерлі кәріз желілерін пайдалану қызметінің жетекшісі қызметін атқаруда. 🔹Қаланың инженерлік инфрақұрылымын күтіп ұстау – үздіксіз еңбек пен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Біздің кәсіпорын көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша кешенді жұмыстарды атқаруда. 675 шақырым нөсерлі кәріз желісі мен 51 шақырым арық-науа жүйесін қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Құбырларды мұздан тазарту үшін арнайы техника, соның ішінде «Урал» базасындағы буландыру құрылғылары қолданылуда. Осындай маңызды міндетті арқалаған Ерлан Қасымұлы мен оның әріптестері қаланың экологиялық тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етуде. ✅Біздің басты мақсатымыз – Астана тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру! #elordaecosystem #astana #жұмысшымамандықтаржылы

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ Астана қаласында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылуда. “Elorda Eco System” кәсіпорны су бұру жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, тасқынға қарсы дайындықты күшейтті. ✅ 2025 жылдың басынан бері атқарылған негізгі жұмыстар: 🔹 668 дана су ағызу және нөсер суын қабылдайтын құбыр тазартылды; 🔹 13 367 метр құбыр жуылып, тазартылды; 🔹 67 дана қорғаныш торлары орнатылып, ауыстырылды; 🔹 Инженерлік жүйелерден 1 226 тонна лай мен қоқыс шығарылды; 🔹 31 375 метр арық-науа желілері қар мен мұздан тазартылды; 🔹 3 875 м³ қар тазарту нысандарынан полигонға шығарылды; 🔹 590 метр құбыр буландырылды. 📌 “Elorda Eco System” кәсіпорны қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы, 24/7 режимінде жұмыс істейді. ✅ Көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар тұрақты бақылауда және қарқынды жүргізілуде.

БАСПАНА АЛУ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

БАСПАНА АЛУ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ Баспана – әр азаматтың басты қажеттіліктерінің бірі. Өз үйіне қол жеткізу – көптеген адамдар үшін маңызды мақсат, ал оны жүзеге асыру үшін қолжетімді бағдарламалар мен қаржылық мүмкіндіктерді білу қажет. Осы мақсатта “ELORDA ECO SYSTEM” кәсіпорнында қызметкерлердің тұрғын үй алу мүмкіндіктерін кеңінен талқылауға арналған кездесу өтті. Іс-шараға Астана қаласы тұрғын үй басқармасы мен “Отбасы Банк” АҚ өкілдері қатысып, тұрғын үйге қатысты өзекті мәселелерді түсіндірді. Мамандар қандай ақпаратпен бөлісті? 🔹 Бекжан Жанболатұлы – Астана қаласы әкімдігінің “Тұрғын үй қоры” КММ кеңес беру және құжат айналымы бөлімінің басшысы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары, үй кезегіне тұру тәртібі және әкімдік тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндады. 🔹 Маханбетова Шолпан – “Отбасы Банк” АҚ-ның 1-санаттағы маманы ретінде банк арқылы баспана алу тетіктерін, жинақ жүйесінің артықшылықтарын және несие рәсімдеу талаптарын түсіндірді. 🔹 Бөрібек Бағлан мен Жакупов Сәбит – “Отбасы Банк” АҚ-ның қаржы кеңесшілері ретінде қолжетімді ипотекалық бағдарламалар, бастапқы жарнаны жинау жолдары және несие төлеудің ыңғайлы шарттары туралы баяндады. Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері баспаналы болу жолдарына қатысты сұрақтар қойып, мамандар тарапынан нақты әрі жан-жақты жауаптар алды. Қатысушыларға ипотекалық бағдарламалардың ерекшеліктері, алғашқы жарнаны жинақтау стратегиялары және несие төлеудің икемді шарттары түсіндірілді. «ELORDA ECO SYSTEM» ұжымы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөледі. Баспана – кез келген адамның өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды фактор, сондықтан мұндай кездесулер кәсіпорын қызметкерлерінің тұрғын үйге қатысты сауаттылығын арттырып, өздеріне тиімді мүмкіндіктерді таңдауға көмектеседі.

БУЛАНДЫРУДЫҢ ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ?

БУЛАНДЫРУДЫҢ ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ? 🔹Арық-науа желілеріндегі құбырларды буландыру – қыс мезгілінде немесе ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған арық жүйелерін мұздан және шөгінділерден тазарту үшін қолданылатын тиімді әдіс. “ELORDA ECO SYSTEM” кәсіпорны бұл жұмысты арнайы “Урал” техникасымен жүзеге асырады. 💨Буландырудың негізгі мақсаты: • Арық-науа жүйелеріндегі мұз кептелістерін еріту; • Құбырлар мен арықтардың су өткізу қабілетін қалпына келтіру; • Шөгінділерді жібіту және олардың ары қарай жуылып шығуына жағдай жасау; • Арық жүйесінің қысқы-көктемгі кезеңде қалыпты жұмысын қамтамасыз ету. 🚜“Урал” арнайы техникасының ерекшелігі: • Күшті бу генераторы – жоғары температуралы және қысымды бу өндіреді. • Жылжымалы құрылғы – кез келген жерге жетуге ыңғайлы. • Үлкен қуаттылық – қалың мұз қабаттарын да тиімді еріте алады. ✅Бұл әдіс әсіресе арық жүйелерін ерте көктемде еріген қар суын өткізуге дайындау үшін маңызды. 2024 жылы кәсіпорын тарапынан 9727 метр құбырға буландыру әдісі қолданылды. Нәтижесінде арық-науа желілері ерте көктемде қар суын қабылдауға дайын болды. #elordaecosystem #буландыру #astana

✅АРЫҚТАРДЫ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҚҰБЫРЛАРДЫ БУЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ✅

✅АРЫҚТАРДЫ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҚҰБЫРЛАРДЫ БУЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ✅ 🔹«ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорны көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында кешенді іс-шараларды тұрақты түрде жүзеге асыруда. Қазіргі таңда «Байқоңыр» ауданында орналасқан 20 шақырымнан астам арық-науа желілері қардан тазартылып жатыр. Бұл жұмыстар арнайы техника мен кәсіпорын қызметкерлерінің көмегімен жүргізілуде. 💨🚜Сонымен қатар, арық жүйелерін байланыстыратын құбырларды мұздан арылту үшін «Урал» арнайы техникасының көмегімен буландыру жұмыстары атқарылуда. 🔝Бұл шаралар еріген қар суларының кедергісіз ағуын қамтамасыз етіп, су басу қаупін болдырмауға бағытталған. Көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар қала тұрғындарының қауіпсіздігін және инфрақұрылым нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге арналған. ⭐️Біз су тасқынының алдын алу үшін жүйелі жұмысты жалғастыра береміз!