Баспасөз орталығы

КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Қала тұрғындарының жайлылығы үшін “Elorda Eco System” кәсіпорны демалыс күндері де тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. 🚛 Атқарылып жатқан жұмыстар: ✅ Су бұру жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында нөсер қабылдағыштар қоқыс пен лайдан тазартылды. ✅ Магистралды құбырлар арнайы техникамен жуылып, тазаланды. Бұл су өткізу қабілетін арттырып, жүйенің тиімділігін қамтамасыз етеді. Мақсатымыз – елорда тұрғындары мен қонақтарына қолайлы орта қалыптастыру! 🌆✨

💫ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті Отандастар! Қадірлі елорда тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке халқымыздың мәдениеті мен ізгі дәстүрлерінің ұлылығын айшықтайды. Бұл табиғат қана емес, адамзаттың өзі де сергіп, жаңаратын тамаша уақыт. Наурыз әрбір шаңыраққа бейбітшілік, тыныштық және ынтымақ сыйласын! Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға денсаулық, бақыт, жақсылық және береке-бірлік тілейміз! Ізгі ниетпен, Астана қаласы әкімдігінің “Elorda Eco System” ШЖҚ МКК

Жастардың белсенділігі кәсіподақ беделін арттырудың кепілі

2025 жылдың 19 наурызында «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» «Астана» қалалық филиалының бастамасымен «Бастауыш кәсіподақ ұйымындағы үздік жастар кеңесі» жобасын жүзеге асыру аясында семинар-тренинг өткізілді. Бұл іс-шара «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ұйымдастырылып отыр. Шараға «Астанабасжоспар» ҒЗЖИ» ЖШС, «Астана-Тазалық» ЖШС, «Астана су арнасы» МКК, «Elorda Eco System» МКК құрылымдық және мүшелік ұйымдарының жастар кеңесінің мүшелері қатысты. Аталған жобаның басты мақсаты - кәсіподақ мүшелігінің мотивациясын арттыру, кәсіподақ қозғалысының тиімділігін көрсету және салалық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мәртебесін көтеру болды. Тренинг барысында қатысушылар жастар кеңестерінің кәсіподақ ұйымдарының жаңартылуындағы инновациялық рөлімен танысып, кәсіподақтардың жұмыс механизмін, олардың ұйымдастыру құрылымын зерттеді. Сонымен қатар, кәсіподақтар арқылы түрлі әлеуметтік қолдау бағдарламалары мен жеңілдіктер туралы ақпарат алып, өздерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау мүмкіндіктерін талқылады. Іс-шараға қатысушылар мұндай кездесулердің практикалық маңыздылығын және жастардың кәсіподақ қозғалысындағы рөлін атап өтіп, ұйымдастырушыларға аталған мүмкіндікті ұсынғаны үшін алғыс білдірді. Және осындай іс-шаралардың жастарды кәсіподақтарға тарту, олардың еңбек құқықтарын қорғау және жалпы қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты арттыру үшін өте маңызды екенін жеткізді.

Наурыз – бірлік пен берекенің мерекесі! 🌿🎉

Бүгін “Elorda Eco System” кәсіпорынында көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен аталып өтті! Кәсіпорын бас директоры Жаваров Бейбіт Болатұлы барша әріптестерін құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді. Шара барысында ұжым қызметкерлері әуелете ән шырқап, күмбірлете күй төкті. Ер азаматтар өз күшін сынап, қол күресі мен гір тасын көтеру сайыстарына қатысып, мықтылар анықталды. Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтарға ие болды. Мерекелік дастархан жайылып, ұлттық тағамдардан дәм таттық. Көтеріңкі көңіл күй, жарқын сәттер, ынтымақ пен бірліктің нышаны болған бұл күн көптің есінде ұзақ сақталары сөзсіз! Наурыз құтты болсын! Жаңа жыл жақсылық пен молшылық әкелсін!

ҰЛТТЫҚ КИІМ ӘРДАЙЫМ ТРЕНДТЕ!

ҰЛТТЫҚ КИІМ ӘРДАЙЫМ ТРЕНДТЕ! Құрметті Қазақ елі! Қадірлі Отандастар! Бүгін – ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін ерекше күн! 18 наурыз – Ұлттық киім күні құтты болсын! Бұл мереке – ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраның, қазақ халқының сән-салтанаты мен мәдени байлығының айқын көрінісі. Ұлттық киім – тек сән емес, ол тарихымыздың, дәстүріміздің және рухани болмысымыздың ажырамас бөлігі. Шапан, камзол, сәукеле, тымақ – барлығы да халқымыздың шеберлігі мен даналығының көрінісі. Осы тамаша мерекеде әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен амандық тілейміз! Ұлттық құндылықтарымызды бірге ұлықтап, дәріптейік! #elordaecosystem #astana #ұлттықкиім #наурыз #наурызнама

✨ Қала тыныш ұйқыда, ал біз аянбай еңбек етудеміз! ✨

✨ Қала тыныш ұйқыда, ал біз аянбай еңбек етудеміз! ✨ Көктемгі су тасқынының алдын алу – біздің басты міндетіміз! “Elorda Eco System” мамандары күн-түн демей нөсер қабылдағыштарды ыстық сумен жуып, құбырларды буландырып, көшелерді жиналған судан тазартып жатыр. Барлығы – сіздің қауіпсіздігіңіз үшін! Қалаңыздың таза, жайлы және қауіпсіз болғанын қалайсыз ба? Біз сол үшін жұмыс істейміз! 💪🚜 Біздің еңбек – сіздің жайлылығыңыз! #ElordaEcoSystem #СуТасқыныныңАлдынАлу

⭐️Өнегелі шаңырақ, кәсіби маман⭐️

⭐️Өнегелі шаңырақ, кәсіби маман⭐️ “Elorda Eco System” кәсіпорнының басшылығы өз қызметкерлерін әрдайым мақтан тұтып, олардың әлеуметтік әл-ауқатына ерекше көңіл бөледі. Осы орайда, 16 наурыз – «Шаңырақ» күні қарсаңында кәсіпорын қызметкері, арнайы техника жүргізушісі Дәулет Тұрсынбайұлы Байқабылдың отбасына кәсіпорын қызметкерлері мен жергілікті кәсіподақ ұйымы арнайы барып, құттықтау лебіздерін жеткізді. Дәулет Тұрсынбайұлы – өз ісіне адал, жоғары білікті маман, жауапкершілігі мол қызметкер. Сонымен қатар, ол – 8 баланың ардақты әкесі, отбасы құндылықтарын жоғары қоятын өнегелі жан. Әңгіме барысында әріптесіміз ұл-қыздарының сабақ үлгерімі жақсы екенін және олардың үлкендерге қолғанат болып өсіп келе жатқанын ерекше атап өтті. “Elorda Eco System” ұжымы әріптесіміздің шаңырағына шаттық, отбасына амандық, еңбегіне табыс тілейді!

🔹 СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 🔹

🔹 СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 🔹 «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорны су тасқынының алдын алу мақсатында тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда мамандар нөсер кәріз жүйелерін жуып, қоқыс пен лайдан тазартып, олардың су өткізу қабілетін арттыруда. Сондай-ақ, арық-науа желілерін байланыстыратын құбырларды буландыру жұмыстары жалғасуда. Бұл шаралар көктемгі су тасқыны қаупін азайтып, су басу қаупі бар аймақтарда су ағымын реттеуге бағытталған. #ElordaEcoSystem #СуТасқынынаҚарсыШаралар #Astana #Елорда

🌿 Наурызнама құтты болсын! 🌿

🌿 Наурызнама құтты болсын! 🌿 “Elorda Eco System” кәсіпорын басшылығы барша қызметкерлерді Наурызнама басталуымен құттықтап, көктемнің бұл мерекесінің бірлік пен жаңарудың жарқын символы екенін атап өтті. Алдағы 10 күн бойы кәсәпорында түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, ұжымдық рухты нығайтуға бағытталған ерекше бағдарламалар өтеді. Бүгінгі күннің тағы бір маңызды мәні бар – 14 наурыз Көрісу күні! Бұл – ізгілік пен сыйластықтың, татулық пен ынтымақтың мерекесі. Осы күні бір-бірімізге жылы лебіз білдіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, жақындарымызбен қауышу игі дәстүрге айналған. 🤝 Көрісуіміз қабыл болсын, Наурыз айы жақсылық әкелсін! #elordaecosystem #наурызнама #көрісукүні

📢 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДӘРІС 📢

📢 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДӘРІС 📢 Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің превенция басқармасының офицері Аңсағанова Әйгерім Аңсағанқызы «Elorda Eco System» ұжымы үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дәріс өткізді. Кездесу барысында департамент өкілі: ✅ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі қағидаттарын, ✅ заң бұзушылықтардың салдары мен жауапкершілігін, ✅ жемқорлықтың алдын алу шараларын егжей-тегжейлі түсіндірді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. 🔹 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті! 🔹 📌 Жаңа өзгерістер мен толықтырулар 🔹 2026 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы аясында заңнамаға жаңа түзетулер енгізілді. 🔹 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалардың бірыңғай тізілімі әзірленуде. 🔹 Мемлекеттік қызметшілер үшін шектеулер күшейтілді, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қатысты жауапкершілік пен жазалау шаралары қатайтылды. Бұл өзгерістер қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға және оның алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған. #elordaecosystem #сыбайласжемқорлыққажолжоқ #астана

Кәсіподақ ұйымының жұмысы қорытындыланып, жаңа көшбасшы сайланды

КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, ЖАҢА КӨШБАСШЫ САЙЛАНДЫ «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиынға кәсіпорын басшылығы, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «Астана» қалалық филиалының төрайымы Тілеулес Мадьярова және кәсіподақ мүшелері қатысты. Күн тәртібінде: ✅ 2024 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру; ✅ Кәсіподақ төрағасын сайлау; ✅ Кәсіподақ ұйымының мүшелерін сайлау; ✅ Ревизиялық комиссия өкілдерін сайлау. Кәсіподақ есебінен: Кәсіподақ ұйымы қызметкерлерді әлеуметтік қолдау шараларын тұрақты түрде жүзеге асырып келеді: 🔹 Атаулы мерекелерде кәсіподақ мүшелеріне сыйлықтар табысталды; 🔹 «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған қызметкерлердің балалары мектеп құралдарымен қамтамасыз етілді; 🔹 Қызметкерлер сауықтыру орындарына жолдамалармен қамтамасыз етілді; 🔹 Мәдени және спорттық іс-шараларға қатысу үшін абонементтер берілді; 🔹 Еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Ұзақ жылдар бойы кәсіподақ ұйымына басшылық етіп, кәсіпорында кәсіподақ органын құру мен дамытуға, жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға зор үлес қосқан Хасенов Айдос Қонысбекұлының еңбегі жоғары бағаланып алғыс хат табысталып, құрмет көрсетілді. Конференция нәтижесінде Рахимжанова Индира Кайртаевна кәсіподақтың жаңа төрайымы болып сайланды. Жаңа көшбасшыға сәттілік тілейміз! Кәсіподақ ұйымының жұмысы алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен!

✨ Құрметті ақ жаулықты аналар! Қадірлі ханымдар мен арулар! ✨ Сіздерді көктемнің ең шуақты мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Осы айтулы мерекеде сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға амандық пен мол бақыт тілейміз! Әр күндеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын! Құрметпен, Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК